Аграрлық сала ел дамуының авангарды

(0 Votes)

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіз еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен алда тұрған басты міндеттерді нақтылап берді. Елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын іске асыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту, халықтың табысын арттыру сияқты маңызды мәселелер көтерді.

Ауыл шаруашылығымен айналысып келе жатқан шаруагер ретінде маған Президенттің агроөнеркәсіп саласын дамыту туралы сөздері ерекше ұнады. Еліміздегі ауыл шаруашылығы экономика саласында ерекше орын алады. Агрокешенді дамыту мемлекетің азық-түлік қауіпсіздігі жəне халықтың əлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға серпін беретіні сөзсіз. Жылдар бойғы агросалаға бөлінетін қаржының жеткіліксіздігі, техникалардың тозығының жетуі сияқты келеңсіздіктер дамуға тежеу болып отырғанын ашық айтты. Бөлінетін қаржыны екі есеге дейін арттыру, бұл орайда  жалғыз бюджеттен ғана емес, екінші деңгейдегі банктерден қаражат тартуды жөн деп тапты.  Көктемгі егіс науқанына және күзгі жиын-терінге жеңілдікпен берілетін несиені 1,5 триллион теңгеге дейін арттыру,  инвестициялық жобаларға бөлінетін жеңілдетілген несиені 800 миллиард теңгеге жеткізуді ұсыныс етті. Жеңілдікпен лизинг беруге жыл сайын кемінде 450 миллиард теңге бөлінсе ауыл шаруашылығы техникасының 10 пайызы жаңарып отыратынын алға тартты. Қыркүйек айындағы Жолдауындағы тапсырмасындағы өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға жеткізу туралы міндеті бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс жасалып жатпағанын, баяғыша тек шикізат өткізуге басым бағыт беріп отыруғанын сынға алды.

Сала жұмысын жандандыру, кеткен кемшіліктерді жою, осы орайда тиісті шараларды қабылдау қажеттілігі нақты айтылды. Шаруаларға субсидия беру мәселесі де назардан тыс қалмады. Ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі салаларының бірі жəне қоғамның экономикалық әрі қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын фактор болғандықтан, аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшiн экономикалық жəне ең бастысы əлеуметтiк негізде стратегиялық жағынан маңызға ие. Қазіргі уақыттағы ауыл шаруашылығы өніміне өсіп жатқан жаһандық сұраныс жағдайында жер өңдеу мəдениетін өзгертіп, мал шаруашылығындағы дəстүрлерімізді жаңғыртсақ, ауыл шаруашылығында ілгерілеушілікке қол жеткізеріміз анық.

Оразғали АЛҒАЯЗОВ,

«Алғаяз» шаруа қожалығының жетекшісі,

аудандық қоғамдық кеңес мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT