«Адия» шағын маркетке айналды

(0 Votes)

Құрылысшылар ықшам ауданындағы жеке кәсіпкер Ерлан Тариховтың азық-түлік дүкені және дәңгелек жөндеу шеберханасын біріктіретін кәсіпкерлік нысаны кеңейтіліп шағын маркет болып қайта ашылды.

Күнделікті азық-түлікпен бірге тұрмыстық-шаруашылық заттарын, химиялық тазалау-жуу тауарларын сатуға бағытталған дүкенде қызмет көрсету белгіленген талаптарға сай атқарылады. Кіреберіске қойылған қоларбалар арқылы тұтынушылар сауда сәрелерін асықпай аралап, таңдауларын жасай алады. Әр тауардың астында бағалары көрсетіліп тұр. Заманауи техникалармен жабдықталған касса алдында да еш іркіліс болмайды. Жеке кәсіпкер Е.Тарихов бізбен әңгімесінде кәсіпкерлігін кеңейтуде мемлекет тарапынан жақсы қолдаудың болғанын айтады.

img_3353

img_3328

– «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 6 пайызбен 6 миллион теңгенің несиесін алдым. Бұл ретте ниетімді қоштап жәрдемдескен аталған қордың Атырау филиалының директоры Г.Шалағұловаға, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Н.Төлеповке ризашылығымды білдіріп өткеннің артықтығы болмас. Алты адам, яғни бір бірден кассир, оператор, күзетші және үш сауда кеңесшісі жұмысқа алынды. Тамыз айының басынан бері тауарларды сөрелерге реттеп орналастыру, базаға тіркеу сияқты қызметтермен айналысып келеді. Бүгіннен бастап ресми түрде есігімізді ашып жатырмыз.

img_3327

img_3326

Орта және шағын бизнесте өзіндік жолын қалыптастырып келе жатқан оның аудан орталығында бұдан басқа да сауда орыны бар. Әр іс-ниетін «Алланың разылығы үшін» деп бастайтын иманды жігіттің бұл дүкенінде де өзі жетекшілік ететін «Құрманғазы» қайырымдылық қорының «Қайырымдылық жәшігі», зәру жандарға деп азық-түлік қойылатын сөре жұмыс жасайды. «Халық сыншы» дегендей, жақсыны көрмекке келген осы маңдағы тұрғындар дүкеннің қызмет көрсету сапасына, тауарлардың түрі мен бағасына жақсы пікірлерін білдіріп жатты.

img_3324

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521