ҚАДІРМЕНДІ ҚҰРМАНҒАЗЫЛЫҚТАР!

(0 Votes)
Халық қаһарманы, қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, шығыстың үш шынарының бірі Хиуаз Доспанованың туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Осыған орай жоспарланған мерейтойлық шаралар аясында, аудан әкімдігінің қолдауымен және Құрманғазы ауданының белсенді атбегілерінің ұйымдастыруымен даңқты жерлесіміздің құрметіне 29 мамыр күні ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтеді.
Ат спорты 4 шақырымдық Тай жарыс, 6 шақырымдық Құнан жарыс және 18 шақырымдық Аламан бәйгеден тұрады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар бар. Ауданымыздан және басқа да өңірлерден атшабысқа қатысып бағымды сынаймын дегендер болса 8778 560 50 40 телефон нөмірлеріне хабарласып, жазылуларына болады. Бірден ескерте кетейік, бәйге алаңынан аттар тіркеуге алынбайды.
Өтетін орыны: Орлы елді мекені. Уақыты: 12:00.
Құрманғазы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521