Қадірменді ауыл шаруашылығы қызметкерлері!

(0 Votes)

Сіздердің баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз - ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміз егемендік алып, өркениетті мемлекеттер қатарына қосылу жолында Сіздер ұлан-ғайыр жұмыстарды атқарып келесіздер. Өтпелі кезеңнің қиындықтары ауыл шаруашылығы саласына да әсерін тигізбей қойған жоқ.

Бірақ, Сіздер ауданымыздың еңбеккерлері, шаруашылық басшылары жауапкершілікті сезіне отырып, мал басын көбейту, асыл тұқымды малдарды өсіру бағытында біршама жұмыстарды атқарып келесіздер.

Бүгінгі нарықтық қоғамның қиындықтарына мойымай, ата кәсібіміз - ауыл шаруашылығына қайта өрлете отырып, аудан экономикасының дамуына өздеріңіздің зор үлестеріңізді қосып келесіздер. Ел ырысын еселеп,  халық дастарханының мол болуына ықпал етудегі абройлы еңбектеріңіз әрқашан зор құрметке лайық !

Осындай ауданымыздың көркейіп, дамуына, халқымыздың тұрмыс–тіршілігінің жақсаруына қосып келе жатырған үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіре отырып, Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілеймін. Ел игілігі үшін атқарып жатырған еселі еңбектеріңізде толағай табыстарға жете беріңіздер демекпін.

М.Мурзиев, аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521