Қадірі асқан Қадыр байқауы

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты байқау өтті.

17 ауылдық округтенбас қосқан 15-30 жас аралығындағы 34 үміткер ақын өлеңдерін жатқа оқу мен оның сөзіне жазылған әндерді орындау бағытында бақ сынасты. Сайыс барысында көркемсөз шеберлерінің мәтінді оқу қабілеті, сахна мәдениеті сарапқа түссе, ән салушылардың дауыс ырғағы мен орындау нақышына аса ден қойылды.

bas-zhlde

oryn

Жарысқа әділ бағасын берген қазылардың шешімімен «көркемсөз» жанры бойынша III орыннан Назерке Қапсихова(Орлы),Назира Өтебаева (Сафон), Фатима Асылбек (Нұржау) көрінсе, II орынды Назерке Рашимова (Лабай), Сымбат Тажиденова (Дыңғызыл), I орынды ақынның 167 өлеңін жатқа білетін дарынымен көрерменді таң қалдырған Дильназ Хамитова (Жаңаталап) иеленсе, бас жүлдені әртістік қабілеті және ерекше мәнерімен көзге түскенРавиль Орденов (Сүйіндік) еншіледі. «Вокал» жанрынан III орын Наурызбек Шапиховқа (Асан), II орын Айсәнім Нұрымоваға(Сүйіндік), I орын Ерасыл Самиғоллаевқа (Үштаған), бас жүлде Асқар Абесовқа (Шортанбай) тиесілі болды.

img_1957

img_1943

Жүлдегерлер ұйымдастырушылар атынан арнайы диплом және ескерткіш сыйлықтар алса, қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. Ақтық демі қалғанша әдебиетке адал қызмет атқарған Қадыр мұрасы қайта жаңғырғандай әсерде қалдық.

img_1942

img_1941

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521