«Адамзаттың асылы – ана деген құдірет»

(0 Votes)

Аудандық орталық кітапханада Құрманғазы ауылдық округі жанындағы аналар кеңесінің бірлесуімен «Адамзаттың асылы – ана деген құдірет» атты кеш өткізілді.

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған жиынға округ әкімі Абдуррахман Мұса мен нәзік жандылардан құралған кеңес мүшелері қатысты.

img-20220302-wa0039

Шара басталмас бұрын, әуен сазымен өз саласында абыройлы еңбек еткен қонақ аналар шақырылып, көптің қошеметіне бөленді. Кейін округ әкімі Абдуррахман Рахметұлына, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенқызы мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің төрағасы Әуез Сәдуұлына құттықтау сөз беріліп, олар жиылған барша әйелдер қауымын айтулы мерекесімен құттықтады.

i

Сонымен қатар, округ әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Атаулы кеш сыр сұхбатпен жалғасын тапты.

img-20220302-wa0038

img-20220302-wa0037

Онда ұстаз, дәрігер, қаржы мен сауда саласы, балабақшада еңбек еткен және көп бала тәрбиелеп отырған аналарға көкейдегі сұрақтар қойылып, мардымды жауап алынды. Сондай-ақ, кітапханашы Светлана Өтемұратқызы, «Ана өмірдің шуағы» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасады.

img-20220302-wa0032

Содан соң, Құрманғазы ауылдық округі жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Гаухария Кінаманқызы парасаттылықтың символы болған, тәрбиеден жаңылмаған аналарды мерекесімен құттықтап, ризашылығын білдіріп, кеңес мүшелеріне арнайы сыйлығын ұсынды.

img-20220302-wa0035

img-20220302-wa0034

Ал, аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары Ермек Айсын, Ерасыл Самигуллаев, Заря Қуанышқызы мен Раушан Сәрсеновалар әсем әндерімен әдемі кештің көркін қыздыра түсті.

img-20220302-wa0033

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT