Адамдар жаппай жиналатын объектілерге барған кездегі өрт қауіпсіздігі шаралары

Рейтинг: 0 / 5

Көп жағдайларда адамдар көп болатын объектілерде өрт шыққан кезде әрекет ету ережелері туралы адамдардың түсінігі болмайды.

Қазіргі заманғы адамдар көп жиналатын барлық объектілердің өрт жүктемесі аса жоғары және өрт шыққан жағдайда от пен жану өнімдері барлық бөлмелерге тез таралып, оларды өте жылдам толтыра отырып, өмірлік маңызды оттегін ығыстырады. Улы газдың кішкене ғана концентрациясымен дем алған жағдайда адам өліп кетуі мүмкін екенін есте сақтау қажет. Өйткені, көптеген өрттерде адамдар жоғары температура әсерінен емес, түтінмен тұншығудан өледі.

Түтінмен тұншығу – жану өнімдерінің адамның тыныс алу жүйесіне ену процесі, бұл бөлмедегі өртте адам өлімінің негізгі себебі болып табылады. Ыстық түтін тыныс алу жүйесіне еніп, тыныс алу мүшелерінің күюіне әкеледі.Улы газ, цианидтер және басқа да жану өнімдері ағзаны улап, тыныс алу жүйесінің қатты тітіркенуі мен ісінуіне себеп болады.

Адамдар көп жиналатын барлық объектілер хабарлау жүйесімен, автоматты өрт сигнализациясымен, сондай-ақ аумағына байланысты түтін жою жүйесімен және автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталуы керек.

Осындай объектілердің қызметкерлерінің міндеті – тез және сапалы көшіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.Ең бастысы - балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға да назар аударылуы қажет. Өрт кезінде бірінші кезектегі іс-әрекеттер:

Егер сіз қауіпсіздік жүйесінен ескерту естісеңіз жақын маңдағы шығу жолына асықпай бет алуыңыз қажет, шығу жолдары көшіру жолындағы арнайы белгілермен көрсетіледі. Белгілерге мұқият қараңыз. Дүрбелеңге түспеңіз және тобырдың қауіптілігін есте сақтаңыз.Адамдардың көбісі дүрбелеңге түскен сайын, қасындағы адамдар үшін қиындықтар туындайды.

Тобырда қысылып қалсаңыз шынтақтарыңызды бүгіп, жұдырықты түйіп, денеңіздің екі жағына қысыпұстаңыз, бұл бүйірлеріңізді қысылудан сақтайды. Алдыңыздағы кеңістікті босатып,мүмкіндігіңізше баяу жылжи отырып, денеңізді артқа қарай шалқайтып, аяғыңызды алға қарай тіреңіз және итеріп жатқан қысымды арқаңызбен ұстауға тырысыңыз. Құлап жатқан адамдарға көтеріліп тұруға көмектесіңіз. Егер сіз құлап қалсаңыз, тізеңізге тұрып, еденге қолыңызбен сүйене отырып екінші аяғыңызбен тез арада тұруға тырысыңыз, денеңізді тік ұстаңыз. Балаларды арқаңызбен жауып қорғаңыз немесе иығыңызға отырғызыңыз.

Көшіру жұмыстары кезінде баспалдақпен жоғары қарай көтерілмеу керек, себебі бастапқы кезде түтін үстіңгі қабаттарға толады. Ғимараттан ашық алаңға шығу қажет, достарыңыз мен таныстарыңызды іздеу қажет емес – олармен сыртта кездесесіз.

Егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, жедел сатыны күтпеңіз, өйткені шақырту панелі жұмыс істемейді, сондықтан түтін болмайтын баспалдақтар мен басқа да көшіру кезіндегі шығу жолдарын қолданыңыз.

Егер өртті сөндіруге мүмкіндігіңіз болса (өміріңізге қауіп төндірмесе), бұл туралы басқа адамдарға дереу хабарлаңыз, жақын жердегі адамдарды көмекке шақыра отырып, қолда бар жәнеарнайы құралдарды пайдалана отырып өртті сөндіріңіз.

Бөлме түтінге толған кезде немесе жарық болмаса келесі әрекеттерді орындаңыз:

- Қабырғалардан, ұстағыштардан немесе т.б. ұстап шығу жолына бет алыңыз;

- Қол орамалы немесе киімнің жеңі арқылы дем алыңыз (егер өзіңізбен су болса, шүберекті сулаңыз);

- Балаларды өздеріңіздің алдыңызда иығынан ұстап қозғалыңыз;

- Егер түтіндеу аумағы өте төмен болса, шығып кету немесе көшіру бағытына қарай жер бауырлап қозғалыңыз.

Маңызды: Егер көшіру жолдары жабылып қалса, құтқарушылар сізді байқап, көшіру үшін шатырға шығуға немесе терезеге жақындауға тырысыңыз.Үлкен биіктікте терезеден секіру туралы ойға бой бермеңіз. Егер сыртқа шығу мүмкін болмаса, өрт шарпылмаған бөлмеге шегініңіз, сонда өрт сөндірушілердің көмегін күтіңіз.

Есте сақтаңыз: улы жану өнімдерінің таралу жылдамдығы өте жоғары.

Егер сіз қауіпсіз аймаққа шықсаңыз, онда өртке қарсы қызметіне 101, 112 нөміріне қоңырау шалып қосымша ақпарат беріңіз.

Көшіру және шығу жолдары.

Кез-келген адамдар жаппай болатын объектілерге барған кезде қажет болған жағдайда өзіңіз үшін пайдалануға болатын шығу жолдарын белгілеп алыңыз. Егер сіз ғимаратта бірінші рет болсаңыз, онда бұған ерекше назар аудару керек!Көшіру жоспарын қызметкерлерден сұрауға қымсынбаңыз. Балаларды қолдарынан ұстаңыз.

Көп жағдайларда адамдар өрт туралы дыбыстық ескертуді ести тұра, нақты қауіпті көрмегендіктен бұны елемейді және өз істерін немесе ғимарат ішіндегі басқа әрекеттерін жалғастыра береді.Бұл сіздің өміріңізге қатер төндіретін үлкен қателік.Бәрін дереу қалдырып, ғимараттан шығу керек.Ешқандай маңызды іс сіздің өміріңізден қымбат емес.

Хабарландыру жалған болған жағдайда да, сіз енді қалай және қайда баруды білесіз.

«Өрт» деген хабарды естіген бойда тыныштық сақтап, ұстамдылық танытыңыз, қасыңызда тұрған адамдарды, әсіресе әйелдерді соған шақырыңыз. Жағдайды бағалаңыз, нақты қауіптің бар екендігіне көз жеткізіңіз (мүмкін бұл хабарламамен біреулер адамдардың назарын аударғысы келетін шығар).

Орныңызда тұрып, айналаңызды мұқият қарап шығыңыз, телефонды немесе өрт сигнализациясының батырмасын көрген бойда өртке қарсы қызметке өрт туралы хабарлаңыз (сіздің орныңызға мұны басқа біреу жасайды деп ойламаңыз), ең жақын шығу жолдарына асықпай бет алыңыз.

Кез-келген жағдайда сабырлық сақтап, басқаларды тыныштандырып, үрей тудыруға жол бермеңіз.Адамдарды құтқару бойынша басшылықты өз қолыңызға алыңыз! Тобырдың арасында жылжи отырып балаларды, әйелдерді және қарт адамдарды алға шығарыңыз, қорыққаннан есі шыққан адамдарды бірлесіп тоқтатыңыз. Қорқыныштан бөгеліп қалған, қозғала алмайтындарға көмектесеңіз. Есін жидырту үшін, олардың бетінен шапалақпен ұрыңыз, қолдарынан ұстап асықпай және түсінікті сөйлесіңіз.

 

А.Әлібекқызы

Құрманғазы ауданы ТЖБ-нің бас маманы

азаматтық қорғау подполковнигі

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика