Адам өміріндегі маңызды қадам – бұл мамандық таңдау

(0 Votes)
https://www.nur.kz

Ержүректілік, батырлық, жанқиярлық – құтқарушыларға тән қасиеттер. Бұл мамандыққа кездейсоқ адам келмейді, өйткені, құтқарушы мамандығы жақсы физикалық дайындықты, жүйке бекемділігін, төзімділікті, тасып-тулаған апат алдында қорқынышты жеңе білу қабілеттілігін және әрине, мінсіз абырой-беделді талап етеді.

Аталмыш кейіпке сәйкес болу үшін жұмыс тәжірибесі мен өрт қауіпсіздігі саласында арнайы білімі болуы қажет. Күні бүгінде Қазақстанда мемлекет есебінен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің  Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына мамандар даярлайды.Күндізгі оқу бөліміне 25 жасқа дейінгі және 17 жасқа толған ер балалар қабылданады. Тыңдаушы барлық оқу мерзімінде ақысыз киім-кешекпен, тамақтанумен, баспанамен (казармалық) қамтамасыз етіледі.Оқуға үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткендігі жөнінде алған сертифтикаты негізінде қабылданады. Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру кезінде  төртінші пән ретінде физиканы таңдауы қажет. Сондай-ақ, талапкер физикалық дайындық бойынша сынақ тапсырып, медициналық куәландырудан өтеді. Тыңдаушылардың институттағы күндізгі оқу кезеңі 4 жылды құрайды және әскери қызметтен өту кезеңімен теңестіріледі. Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыға азаматтық қорғау  лейтенанты атағы беріліп, түлектердің әр қайсысына алған мамандығына сай қызмет орны ұсынылады. Жоғарыдағы мәлімет бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, Құрманғазы ауданы, М.Қабдолқызы көшесі, 202 мекен жайындағы Құрманғазы ауданының  Төтенше жағдайлар бөліміне келуіңізді немесе 2-11-44 нөмірі арқылы хабарласып, кеңес алуыңызға болатынын қаперлеріңізге береміз.

 

Ақгүл Әлібекқызы

Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар

бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521