«Адам өмірі мен денсаулығын сақтайық!»

(0 Votes)

Осындай тақырыппен Еңбекші жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Олжабайқызының ұйымдастыруымен дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған акция өтті.

Мектеп директоры М.Шаяхметов алғашқы сөз кезегін алып, ұжым мүшелеріне еңбек қауіпсіздігі жөнінде нұсқамалық ережелерді таныстырды. «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында медбикенің кеңесі тыңдалып, жазатайым оқиғадан зардап шеккендерге берілетін алғашқы медициналық көмек түрлерін көрсетті. Кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Нұғыманов еңбек туралы заң аясында сұрақ-жауап түрінде байқау ұйымдастырып, белсенділік танытқандарға естелік сыйлықтар тапсырды.

Шаруашылық қызметкерлері тілсіз жаудың алдын алу мақсатында құрылғылармен қалай жұмыс жасау керектігін көрсетіп, өрт қауіпсіздігі жолдарын тәжірибе жүзінде көрсетті. Ардагер ұстаз А.Хамитова акцияның маңыздылығын сөз етті.

Ақбота Бекболатова,

Еңбекші жалпы орта мектебінің оқушысы.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика