Бүгінгі маңызды басқосу ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа Жолдауын жүзеге асыру жолдарыфн талқылайтын жауапты кезеңнің көрінісі. Бұл Жолдау - жай ғана құжат емес, бұл – халқымыздың болашағына бағыт беретін бағдаршам, дамуымыздың дара жолы.
Президентіміздің өз Жолдауында ерекше тоқталған маңызды бағыттардың бірі – адам капиталын дамыту. Бұл ел дамуының өзегі, үлттың келешегіне салынатын ең қымбат инвестиция. Себебі, адам капиталы дегеніміз білімді ұрпақ, дені сау халық, еңбекқор буын және белсенді азаматтық қоғам.
Біз жастар осы ұлы істе тек бақылаушы емес, белсенді атқарушы болуға дайынбыз. Адам капиталы – біздерден, яғни әрбір жас қазақстандықтан басталады. Бүгінгі бастамалар ертеңгі нәтижелердің берік іргетасы. Ендеше, бірігіп еңбек етсек, әр адамның мүмкіндігі ашуға жағдай жасасақ жарқын болашақ алыс емес.
Азамат АБДУЛЛАЕВ,
«Құрманғазы туған жер» қоғамдық қорының төрағасы