«Адал қызметке лайықты құрмет»

(1 Vote)

Аудан әкімдігінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін терең сезініп, отаншылдық қасиетімен үлгі болып жүрген, індет кезінде аз қамтылған отбасыларын қамқорлаған, баспанасыздарға үй алып берген бір топ кәсіпкерлер мен дін жолында жүрген азаматтарды жыл қорытындысымен марапаттау рәсімі өтті.

«Адал қызметке лайықты құрмет» атты шараға шақырылғандарды құттықтаған аудан әкімі Қайрат Талапұлы:

– Бүгінгі күні ауданымызда кәсіпкерлік нысандарының саны 2486, ондағы жұмыспен қамтылғандар 4047 адамды құрайды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны індет кезінде 19-ға кемісе де, ондағы жұмысшылар саны 369-ға артып отыр. Ерекше атап өтетін жағдай, ауданымыздың кәсіпкерлерімен пандемия уақытында, «Біз біргеміз» акциясы аясында 400-ден астам аз қамтылған отбасыларына тегін азық-түлік тағамдары, 6 тонна балық және 3 тонна ет өнімдері, 60 оттегі баллоны, «Құрманғазы қайырымдылық қорының» демеушілігімен 15 оттегі концентраторлары, 600 мың теңгеге дәрі-дәрмек және 100 дана қорғаныш киімдер әперіліп, провизорлық стационарға салқындатқыштар қондырылды. Осы іске жеке кәсіпкер Гауһар Болатбаеваның ұйымдастыруымен аудан кәсіпкерлері жұдырықтай жұмыла кіріскенін атап өтуге болады. Бүгінгі шараға қатысып отырған жеке кәсіпкерлер Ақылбек Хайсағалиев пен Азамат Хабибуллин қиын кезеңде халыққа бірінші кезекте қажет етілетін нан өнімдерінің бағасын көтермей бірқалыпты ұстап, елдің алғысына бөленді, - дей келе жеке кәсіпкерлерден Самат Айдарәлиевті облыс әкімінің, Ақылбек Хайсағалиев пен Бержан Кенжебаевты облыстық мәслихаттың, Роза Махаеваны,Жастілек Унашовты Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының алғыс хаттарымен марапаттады.

ksipkerler-t-4

ksipkerler-t3

Сонымен қатар  еңбегімен ел құрметіне бөленіп жүрген 31 адамға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

ksipkerler-t2

Аудан кәсіпкерлері атынан «Құрманғазы СДО» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің директоры Бержан Кенжебаев сөйлеп, көрсетіліп жатқан құрметке ризашылығын білдірді.

ksipkerler-t1

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521