Халықтың берген батасынан және алғысынан асқан марапат жоқ. Себебі, алғыс айту немесе құлаққа жағымды тілек есту – жаныңа шуақ сыйлап, көңіліңді көтеретін керемет сезім.
Аудандық сотта атаулы күнге орай мерекелік басқосу ұйымдастырылды. Сот төрағасының міндетін атқарушы Гүлсім Тасқынбаева игі тілегін білдіріп, өздерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келе жатқан билер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Қажымғалиев, мүшесі Қадірбай Жандыбаев, кәсіби емес медиатор Жәннат Құрманғалиева, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова, аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупованы алғыс хатпен марапаттады. Басқосуда ардагер аға-апалар атаулы күннің мәні мен маңызына тоқталып, адал қызмет алғысқа бөлейтінін айрықша атап өтіп, бедел биігінен көрініп келе жатқан сот ұжымына ризашылықтарын білдірді.
Өз тілшіміз