Адал қызмет – басты мақсатымыз

(0 Votes)
фото: https://egov.kz

Өмір жолында мемлекетімізге қызмет ету бақыты бұйырып, осы жұмысқа келген әрбір азамат өзінің қоғам мен халық алдындағы да зор жауапкершілігін сезінуі тиіс.

Өйткені бұл – елге, Отанға қызмет ету деген сөз. Ал, абыройлы қызметтің мінсіз болуы – ол әр мемлекеттік қызметкердің өз қызметін адал атқаруына тіреледі. Еліміздің дамуы, өркендеуі, халқымыздың әл-ауқатының арта түсуі үшін олардың біліктілігімен қоса адамгершілігі де жоғары деңгейде болуы керек. Өйткені маман қанша білімді болғанымен де өз еліне жаны ашымаса онда ол нағыз мемлекеттік қызметкер атана алмайды.

Мемлекеттік қызметкер – Тәуелсіз еліміздің абыройы, беделі. Сол себепті оның бір қателігі немесе бір жетістігі ол мемлекеттік қызметтің абыройымен өлшенетіндігін ұмытпағанымыз жөн. Жалпы мемлекеттік қызметті тек мәнсап деп қарайтындар өз қызметін бағаламайтындар дер едім. Себебі, туған елге адал қызмет етуден асқан биік мақсат жоқ. Өз жұмысынан рухани күш алатын маман – ол қызметте білікті, өмірде бақытты адам деген сөз. Ал білікті маман, бақытты адам өз елінің көркеюін қалайтыны, сол үшін еңбектенетіні хақ.

Жыл басынан бері Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан 291 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олар: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 9, елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру-272, жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау- 8, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу- 2 қызмет. Осы уақытқа дейін мемлекеттік қызмет көрсету барысында арыз-шағым болған емес. Алға қарай да сол бағытта жұмыстана береміз.

Марал Гумарова,

Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521