АДАЛ АЗАМАТ ЖӘНЕ МІНСІЗ БЕДЕЛ: ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМНІҢ НЕГІЗІ

(0 Votes)

Мемлекеттік қызмет жүйесінде адалдық пен мінсіз бедел — қоғамның билікке деген сенімін қалыптастыратын басты құндылықтардың бірі.

Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік аппараттың жұмысы тек функционалдық міндеттермен шектелмейді. Азаматтармен ашық қарым-қатынас орнатып, қабылданатын шешімдердің әділ болуын қамтамасыз ету — жаңа талап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Әділетті Қазақстан» және «Адал азамат» ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс. Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет».

Бұл бағыт мемлекеттік органдардан жауапкершіліктің жаңа деңгейін, ал қызметкерлерден ішкі мәдениет пен кәсіби этиканы талап етеді. Адалдықтың мәні тек лауазым иесінің мінез-құлқынан ғана байқалмайды. Ол күнделікті әрекеттерден көрініс табады:

— тұрғындармен дұрыс сөйлесу;

— өтініштерді уақтылы қарау;

— шешімдерді негізді әрі ашық қабылдау;

— қызметтік өкілеттікті жеке мақсатқа пайдаланбау.

Мінсіз бедел — бір күнде қалыптаспайды. Ол тұрақты еңбек, сыпайылық, кәсібилік және жауапкершілік арқылы орнығады. Қоғам мемлекеттік қызметкерді ең алдымен адамгершілігімен, сосын кәсіби деңгейімен бағалайтыны анық. Сондықтан мемлекеттік қызмет саласында әдеп нормаларын сақтау – беделді қорғаудың және сенімді арттырудың негізгі жолы.

Қазіргі таңда көптеген өңірлерде, соның ішінде Құрманғазы ауданында да, азаматтармен тиімді коммуникация орнату, өтініштерді жедел қарау, ашық қабылдаулар өткізу сияқты шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл қоғам мен мемлекет арасындағы байланысқа жаңа серпін береді. Адал азамат бейнесі мен мінсіз бедел — мемлекеттік қызметтің негізгі тірегі ғана емес, елдің даму бағытына қосылатын маңызды үлес. Қоғам сенімі ең жоғары құндылыққа айналған кезеңде бұл қағидалар мемлекеттік аппараттың кәсіби мәдениетінің ажырамас бөлігі болуы тиіс.

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Данияр Әдебиетұлы Ердешов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT