«Қадағалаусыз жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы өтті

(0 Votes)

Ганюшкин станциясының желілік полиция бөлімшесінің қызмет атқару аймағында наурыз айының 15-17 жұлдызы аралығында «Қадағалаусыз жасөспірім» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты жолаушылар поездарында әйнек сындырумен, бөгде заттарды темір жолдың үстіне қоюмен айналысатын тұлғаларды анықтау, жарақаттанудың алдын алу, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілдерде ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қадағалауынсыз тұрғын жайлардан тыс жерлерде болуын анықтау болып табылады. Президентіміздің жолдауында «Дамыған қоғамда тәртіппен тазалық өзімізден басталады» деп анық айтып көрсеткен болатын. Болашақ ұрпақпен қоғам санасын тәрбиелеуді өзімізден бастау, өзімізді өзіміз тәрбиелеу өскелең ұрпақ алдында дұрыс бағыт болып табылады.

zhedel-shara2

Осыған орай Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің қылмыспен күресудегі алдын алу іс-шараларын жүргізіп, қоғамдық орындарда тәртіпті нығайту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, алға қойған тапсырмаларды орындау мақсатында станция бастығының орынбасары А.Булекпаев, ТД-26 айналым депосының бастығы міндетін атқарушы С.Мухамеджановпен бірлесе Ақкөл жалпы орта мектебінің директоры А.Жұмағазиеваның қатысумен мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

zhedel-shara3

Қ.Ералиев,

Ганюшкин ст.ЖПб бастығы

полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521