Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

(0 Votes)

Қадірменді Құрманғазылықтар!Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, береке мен бірлік тілеймін!

Бабаларымыз ежелден Рамазанды ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны», деп атаған. Осы айда Құран түскен. Асыл дінімізде қасиетті айдың құрметі үшін бір-бірін кешіріп, мейірімділік жолын ұстанған адамдар сауапқа кенелетіні айтылған. Рамазан – жақсылық, тәрбие, сабыр, өзгеру айы деп те аталады. Себебі ораза ұстаған адамдар мінез-құлқын жақсы жағына өзгерте алады.

Өткен замандарда берекесі мол айда бабаларымыз жарапазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп насихаттаған. Ауызашар дастарханы рухани сұхбаттың, бата мен ізгі тілектің қайнары болған. Рамазанда ауыз бекіткен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беру – бағзыдан келе жатқан салт-дәстүріміз. Ауызашар берген адамға да ораза ұстағандай сауап жазылады. Таңғы сәресі әр шаңырақ үшін қуанышты сәт болса, кешкі ауызашар ағайын мен туысты бір қауым елді имандылыққа ұйытқан берекесі мен мерекесі үйлескен басқосуға айналған. Қасиетті айда ұстап жатқан оразаларыңыз, тілеген тілектеріңіз қабыл болсын! Сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін!

Басымыздан өткізіп жатқан мына сынақтан да отбасымыз, үрім-бұтағымыз, төрт құбыламыз түгел болып аман өтейік. Алла Тағала оразаларыңызды қабыл қылып, жеңіл ұстап шығуды нәсіп етсін!

Қайрат Нұртаев,

Құрманғазы ауданының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521