Зейнеткерлік жас та адам өмірінің айтулы белестерінің бірі. Ат жалын тартып мінген шақтан еңбекке араласып, абыройлы жолдардан өткендерге бұл күні оған көрсетілер құрмет те ерекше. Аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев аудандық мәслихат депутаты, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Өмірболат Есенғазиевтің 63 жасқа толуына орай қабылдады.
Өмірболат Өтегенұлының мамандығы экономист, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің түлегі. Еңбек жолын 1980 аудандық байланыс торабының операторы болып бастап, мекеменің басшысы лауазымына дейін көтерілген. 1993-2006 жылдары аудандық пошта тораьының басшысы, «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры, кейіннен «Почта сервис» ЖШС директоры қызметтерін атқарды. 2007-2014 жылдары аралығыда «Казгермұнай», «Ембімұнайгаз», «Доссормұнайгаз» өндірістік мекемелерінде құжаттармен қамтамасыз ету, әлеуметтік саясат бөлімдерінде еңбек етті. 2014-2018 жылдары «Қазақстан Халық банкі» АҚ Құрманғазы аудандық филиалының басшысы болды. 2018 жылдың 1 тамызынан күні бүгінге дейін «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы директоры лауазымын абыройлы атқарып келеді. Мерейтой иесінің осындай еңбек жолдарымен таныстырған Н.Қалиев еліміздің, соның ішінде ауданымыздың өркендеуіне қосқан сүбелі үлесі үшін үлкен ризашылығын білдіре келіп, аудан әкімінің Алғыс хатын табыстап, иығына шапан жапты. Осындай құрметті мерейгердің зайыбы, ардагер ұстаз Ақкүн Мәулешқызына да көрсетті.
Қабылдау барысында аудандық мәслихат хатшысы қызметін уақытша атқарушы Бержан Кенжебаев, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Құрманғазы аудандық филиалының басшысы Аслан Нұртазаев, «Amanat» партиясы аудандық филиалының сектор меңгерушісі Ақынжан Құсайынов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынжан Рахимов, академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиұлы зейнет жасына абыроймен жеткен азамат жайлы ақтарыла сөйледі. Өз кезегінде Өмірболат Өтегенұлы да осындай құрмет көрсетіп, еңбегін елеп жатқандардың баршасына рахметін жаудырды.
Айбек НӘЖІМОВ