Бөлімнің бас қызметкеріне құрмет көрсетті

(0 Votes)

Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Мұфтах зейнеткерлік жасқа толуына орай бөлімнің бас маманы Сақтапберген Ертелеуовті қабылдап, құрмет көрсетті.

Сақтапберген Ертелеуов алғашқы еңбек жолын 1982-2001 жылдары Кудряшов ауылдық округіндегі  Гурьев машина-мелиоративтік  стансасында инженер болып бастағанымен,  2002  жылдан бері мемлекеттік  қызметте  келеді. 2002-2008  және 2012-2021 жылдары Кудряшов ауылдық округінің әкімі, 2009-2012 жылдары Байда ауылдық округінің бас маманы  лауазымды қызметтерін атқарды. 2021 жылдан бастап аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы.

Мерейгерді құттықтаған аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Зинетоллаұлы: – Бұл жәй ғана туған күн емес, Пайғамбар жасына, зейнеткерлікке  жетіп жатырсыз. Ауданда су жүйесін жақсы білетін екі маман  бар, біреуі Бауыржан ағамыз, екінші адам сіз. Жасыңыздан мелиоративтік жұмыстардың басы-қасында болдыңыз. Оның бергі жағында мемлекеттік қызметте жасап, округте маман, бірнеше жыл әкім болып еңбек еттіңіз. Былтыр жұмыс ауыстырып біздің бөлімге ауысып, балық шаруашылығына қатысты жұмыстарды атқарып  келесіз, - деп қарапайым, еңбекқор, тапсырылған жұмысқа жоғары жауапкершілікпен қарайтын, сенімнен шыға білетін маман, үлкен адамгершілігімен ерекшеленетін азамат екенін, келісімшартпен тағы бір жылға жұмыста қалдырғалы отырғанын  айтып, Алғыс  хатын табыстады.

s

Сонымен қатар, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Мұфтах осыған дейін мерейлі жасқа шыққан бөлімнің бас мамандары Нұрболат Тілепбергеновті -65, Сәтжан Сақтағановты  35-ке толуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521