Абайды оқы,ерінбе...

(1 Vote)

Әр қазақты ХХІ ғасырдағы қазақ елі қай жолмен дамуы, ұлттың келбеті қандай болуы керек деген сауалдар алаңдатуда.

Осы сұраққа жауап,тақырыпқа тұздық ретінде менің ойымша ҚР Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың мақаласы дер кезінде шығып отыр.  

Құнды еңбек "Ұлттық болмыстың үлгісі", "Мемлекет ісінің мүдделері", "Әлемдік мәдениеттің тұлғасы", "Торқалы тойдың тағылымы" деген бөлімдерден тұрады. Соның ішінде "Торқалы тойдың тағылымы" деген бөлімде Президент Абайдың сөзін, ойын айта келе, бұл тойға өте маңызды шара ретінде қарау керектігін айтады. Мемлекет басшысы өз мақаласында былай дейді: "Келер ұрпақ Абайдың сара жолын жалғауы тиіс. Бұл – ұлы ақын арманының орындалуы. Сондықтан біз Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіспіз".

Биылғы жылы республикалық деңгейде Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде түрлі конференциялар өтпекші. Мәселен, тамыз айында Семей қаласында ЮНЕСКО-мен бірлесіп жүргізілетін "Абай мұрасы және әлемдік руханият", Елордада өтетін "Абай және рухани жаңғыру мәселелері" атты ғылыми-практикалық, халықаралық конференцияларды айтуға болады. Президенттің айтуынша, онда Абайдың тұлғасы мен мұрасы жан-жақты зерделенеді.

Мақалада Мемлекет басшысы дана Абайдың білімге, ғылымға деген құштарлығын бүгінгі жастарға үлгі етеді. Сонымен қатар "Педагог мәртебесі туралы" заңның қабылдануы саланы дамытудағы басты бағыттардың бірі екендігін көрсетеді. Мен мұғалім ретінде Президенттің Абайдың философиялық-саяси ойларын бір жолға түсіргенін құптаймын.

Мемлекет басшысы мақаласында Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов негізін қалаған, 1992 жылдан бері қайта шыға бастаған "Абай" журналына ел тарапынан қолдау көрсету қажеттігін айтты. Кезінде Алаш қайраткерлерінің бірі Әлихан Бөкейхановтың ұлы ақынның үйінде жиі болуы, оның шығармаларымен танысып, кітабын шығаруы Абай мен кейінгі буын көзқарастарында рухани сабақтастық байқалады.

Президенттің мақалада Абайдың мерейтойын тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша атап өтуге тапсырма беруі – ұлтымыздың бас ақынының есімі жер-жаһанға танылып, мерейі асқақтай түсетіні сөзсіз.

Ұлан Иманғалиев,

С.Имашев атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі, «Серпердің» штаттан тыс тілшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521