«Абай жолындағы» кейіпкерлердің көздері

(0 Votes)

Мұхтар Әуезов теңіздей тереңдігімен Абайдай кемеңгерді қазақ әдебиетіне алып келді.

Әлем әдебиетіне де қазақтан алғаш танылған осы туынды болса керек. Заманында күрделі жазушы атанған қаламгердің сөздік қорын, тіл байлығын, қанық бояуын бүгінгі оқырман түсіне қояр ма? Жастау күнімде оқыған қалың қос томдықты Абай тойында қайтара қолға алып, портрет жасаудағы кейіпкер көзін сүзіп, қағазға тізіп шықтым.

М.Әуезовтің «Абай жолында» кейіпкерлердің маңдайындағы көзі оқырманға әр сипатта қарайды. Олар ақ көз, ала көз, қарала көз, қызыл көз, айран көз, шегір көз, ешкі көз, ит көз, бұқа көз, томпақ көз, бұлдыр көз, тұманды көз, мысық көз, қысық көз, жылан көз, қой көз, сұрғылт көз, тіміскі көз, жіпсік көз, ұры көз, ірің көз, ақи көз, шаралы көз, тұңғиық көз, қыран көз, ителгі көз, ажарлы көз, қаракөк көз, тіпті шошақ көз бен көлеңкелі көз де бар екен. Енді солардың иелерінің кейбірін келтіре кетейік.

Құнанбайда әрі томпақ, әрі шүңет көз. Абайда ұзынша біткен, ақ-қарасы айқын көз болса, Тоғжан нұрлы қара көздің иесі. Мағышта сәулелі сұрғылт көз бар. Базаралы ойшыл, отты көздермен қарайды. Дәрменде сәл қанталаған отты көздер бар екен. Мәкен ұяң қоңыр көзімен, Дәмежан жәудір көзімен, Әйгерім нысаналы көзімен назар аудартады. Қатал Әзімбай зәрлі бітік көзімен қорқытады. Кәмшатта қазақ қыздарына тән қарақат көз. Әпенді Жұманның көзі боз түсті. Бұрын естімеген шүңет көз өзі әнші, өзі сұлу Керімбалада кездеседі.

Есмұхан Жанизин, кітапханашы,

Қошалақ ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521