«Абай жолындағы» кейіпкерлердің бейнесі

(1 Vote)

«Абай жолында» кейіпкер портретін жасауда көзден басқа сын есімге құрылған адамның бет-жүзін сипаттайтын деталь да жеткілікті.

Бас абайтанушы М.Әуезов кейіпкерлердің бет-ажарын, түс шырайын суреттеуде ақ, қара, сары түстерді негізге алады. Осы түстерді ойнату арқылы басқаларын жақындатады. Кәнігі суретшідей оларды араластырып жіберіп, сөз бояуын табады. Абайдың алғашқы махаббаты Тоғжан – «толықша келген», әйелі Әйгерім – «ақ жүзіне жұқалаң қызыл жарасқан», Үмітей – «кең сұлу жүзді, ақша маңдайлы», Керімбала – «қой көзді, аққызыл реңді», Ғазиза – «ақсұр өңді» болып, қыздардың ажары ашыла түседі. Ал, анасы Ұлжан – «нұрлы біткен, ақшыл-қызғылт жүзді» адам.

Ер, әйел кейіпкерлердің біршамасы «қызыл» сын есімін иеленген. Майбасар – «зор денелі, қызыл күрең жүзді», Алшынбай – «толық денелі, қызыл жүзді», Нұрғаным – «мөлдіреген қызыл жүзді», Әзімбай – «қызыл қара». Бошан қыздары дымырық қызыл. Суреткер кейіпкердің бет-бейнесіне ішкі жан толғанысын қосып береді. Оған жекелеген сөйлемдерден мысал келтіруге болады. «Тоғжан жүзіндегі сәтте келіп, лезде қайтып тұратын жұқалаң қызғылт арай», Ұлжандағы «ішкі сезімнің әсерінен тоңазыта діріл қақтырған көкшіл рең», Әйгерім еріндеріндегі «балалық, кінәсіздік лебіндей ыстық әсер демі», «көз астына ұялаған көлеңке», Абайдың «мұрын мен бетінде жылтырап білінген майда, жұмсақ нұр», «ажары таза көздері әрі көрікті, әрі ыстық тиеді», деген сөйлемдер өте әсерлі. Жалпы «Абай жолы» эпопеясында оқушыны қызықтыратын осындай суреттерулер аз емес. Сондықтан ұлы ақын туралы білгісі келгендер М.Әуезовтің әлемге әйгілі шығармасын Абайдың 175 жылдығында тағы бір қолға алып оқып шықса артықтық етпейді.

Есмұхан Жанизин,

кітапханашы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521