Абай мектебінің командасы «Атырау жаңа мектебі» бағдарламасын тәмамдады

(0 Votes)

Облыстағы 50 мектептің директорлары мен орынбасарлары ең ауқымды қайта даярлау бағдарламасын аяқтады. Солардың арасында Құрманғазы ауданы, Абай атындағы жалпы орта мектебінің командасы Жамал Адебиетқызы, Линда Мустахимқызы, Мақсат Хайрбекұлы кадрлық басқару, қаржылық менеджмент, стратегиялық жоспарлау, жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу, цифрлық трансформация және мектептердің жеке даму бағдарламаларын жасау бағыттары бойынша білім алып, тәжірибе жинады. 

Қайта даярлау барысында Абай мектебінің командасы өз мектептерінің даму бағыттарын анықтайтын жеке жобалар әзірлеп, сарапшылар алдында сәтті қорғап шықты. Бұл жобалар оқу процесін жаңғыртуға, білім сапасын арттыруға және басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.  

Мектеп командасы курс аясында алған білімдерін мектепті басқарудың жаңа моделін жұмыс барысында қолдану шараларын бастап кетті. Сәттілік тілейміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT