4-сынып оқушыларын орта буынға бейімдеу жобасы аясында 4-"А" сыныбында "Жақсы көңіл күй - жан азығы" тақырыбында ендігі жылғы сынып жетекшісі Қансұлтанова Жанардың тимбилдинг жаттығуларын өткізді.
Мақсаты: оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату, бір-біріне деген құрметін, сенімділігін арттыру, позитивті көңіл-күй сыйлау. Тимбилдинг психологиялық әдістерге негізделген түрлі тренингтерді қамтиды. Ең алдымен оқушылардың қызығушылығын ояту, белсенділігін көтеру мақсатында сергіту жаттығуы жүргізілді. Алғашқы тапсырма "Менің қиялымдағы бейне" деп аталды. Мұғалімнің нұсқауымен оқушылар түрлі-түсті қағаздан адам бейнесін жасап, ол туралы әңгіме құрап, таныстырды. Бұл тренингтің мақсаты оқушылардың ой-қиялын, шығармашылығын байқау. Келесі кезекте оқушылар 4 топқа бөлініп, командалық сайысқа түсті. Бұл жаттығу "Қораптағы доп" деп аталды. Мақсаты топ мүшелерін бірге нәтижелі жұмыс жасауға үйрету. Оқушылар гимнастикалық таяқшалардың көмегімен топ болып допты қорапшаға салуға көп күш-жігер жұмсады. "Кім оны... тап" жаттығуы барысында оқушылардың бойындағы қасиеттерін, қызығушылықтарын байқау мақсатында мұғалім түрлі сұрақтар қойып, ал оқушылар "Иә","Жоқ ", " Кейде" деген суреттер арқылы өз ойларын жеткізді. Тренинг соңында оқушылардың ұйымшылдық және ынтымақтастық сезімдерін арттыру мақсатында "Құбыр" жаттығуы жүргізілді. Шара барысында оқушылардың белсенділігі өте жоғары болды. Тренинг мақсатына жетті.