Абай мектебінде бата беру дәстүрі ұлықталды

(0 Votes)

“Даналық” мектебінің жылдық жоспарына сай ата өсиетін насихаттау мақсатында Аталар клубының «Бабалар дәстүрі-ұрпаққа өсиет» тақырыбындағы екінші сабағы өткізілді.

Сабақ барысында батаның шығу тарихы жөнінде бейнеролик көрсетілді. Аталарға «Бата мен тілектің айырмашылығы бар ма?», «Қандай дәстүрді немерелерге өсиет етіп айтуға болады?» деген талқылау сұрақтары қойылып, оған тұщымды жауап берілді. Аталар ұл балаға, қыз балаға,асқа берілетін, қоныс тойда берілетін, алыс жолға шыққанда берілетін, наурызда берілетін баталарды айтып өтті.

Мектебіміздің «Бойтұмар» клубының жас өнерпаздары Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша «Имаштың немересіне бата беруі», М.Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша «Бөжейдің Абайға берген батасынан» үзінді көрініс көрсетті.

Шара соңында мектеп директоры Жамал Әдебиетқызы келген аталарымызға немерелері үшін өсиет сөздері мен бата тілектері үлгі өнеге екенін жеткізді, аталарға өз алғысын білдірді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521