Абай мектебі арнайы номинациямен марапатталды

(0 Votes)

«МЕКТЕП КОМАНДАСЫ: ЖОБА, НӘТИЖЕ, БОЛАШАҚ» Осындай тақырыппен Әдістемелік орталық және Педагогикалық шеберлік орталығының бірлесуімен облыстық фестиваль өтті.

Фестиваль мақсаты - мектеп командасы жұмысының тиімді ұйымдастырылуын талдау, бағалау және қолдау көрсету. 2021 жылы Атырау облысының әкімдігі өңірдегі орта білім беру мәселелерін кешенді шешу үшін «Атырау облысында білім беруді дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы» жобасын бастаған болатын.

Осы орайда мектеп директоры Жамал Әдебиетқызы бастаған, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Линда Мустахимқызы және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айдана Әділханқызынан құралған команда аталмыш фестивальде мектепте білім беруді жақсарту үшін әзірленген жобалардың тың идеялармен жасақтағаны үшін “Тың идеялар жобасы” номинациясымен марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521