Н.С.Манаев атындағы жалпы орта мектебінде “BIRGEMIZ:ТҮЛЕК 2020" тақырыбымен Еріктілер жылына арналған мектеп бітіру "Аттестат" тапсыру, соңғы қоңырау салтанаты өтті.
Салтанатты шарада 4маусым - Рәміздер күнінің маңызына тоқталып, Мемлекеттік Гимннің (мәтіні) авторы, қазақ жырының тұңғиығы, жыр бәйтерегі, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына- 85 жыл толуына орай Жас Түлектер ақын өлеңдерін оқыды.
Ұстаздарына, ата-аналарына деген ізгі тілектерін жолдады.
Шара соңында "Ағаш отырғызу" акциясына қатысты. Мектеп түлектеріне жарқын болашақ тілейміз.