Ақынын ардақтаған ел азбайды

(0 Votes)

«Халықпыз өлең оқып жыр жаттаған, Жасық жыр озбас төрге құр мақтаған, Өлеңнің қасиетін түсінетін, Өссе екен жыр сүйетін ұрпақ та аман»,-деп жырлаған ақын, ардагер ұстаз Нұрлығайын Нұғмановтың 75-жас мерейтойына арналған кеші өтті.

Қаламгердің туындыларын ардақтаған жерлестері шара тізгінін «Өнерпаз» мәдениет үйінің қызметкері Тілек Мұзафаров ұстап, оған  ақынның  ізгі-жақындары, жора-жолдастары қатысты.  Кеш барысында Нұрлығайын Нұғмановтың сиясы кеппеген өлеңдерін Манаев жалпы орта мектебінің оқушылары көркемдеп оқып, қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Нұрлығайын Нұғмановтың поэзия әлеміне деген құштарлығы бозбала шақта артқан. Бала кезден әдебиетті сүйген ол, әдемі тізбектелген төрт жол өлең арқылы өзге студенттермен айтысып, қара өлең жазуға құмартып, «Май таңы» атты алғашқы туындысын жарыққа әкеледі.

n

Отты жырлары оқырман тарапынан жоғары бағаға ие болып, дара жолын қалыптастырып үлгерген қаламгерді  ҚР Журналистер, Жазушылар Одағының мүшесі Таңатар Дәрелов арнайы құттықтап, «Бұрай түс, бұра сезім, жетті деймін, Орлының құшағында көп дүлейдің, Мінеки, өзің мінген жыр-тұлпардан, Сексенге жетпей түспе деп тілеймін»,-деп  өзінің  авторлық кітабын сыйға ұсынды. Ал, аудандық орталықтандырылған кітапханалар желісінің басшысы Анар Нуриқызы арнайы құттықтап, жерлес ақынға құттықтау қағазы мен естелік сыйын тапсырды. Қаламгермен бар қызықты бір көрген әріптесі, ардагер ұстаз Абат Ерғалиев болса, Нұрлығайын ағайдың ұрпаққа қалдырған өлең атты мұрасы ары қарай бұзып-жарып жалғасын таба берсін деген көкейдегі тілегін жеткізді.

Әсерлі өткен кеш соңында мерейтой иесі сөз алып, ұйымдастырушылар мен келген қонақтарға алғысын білдіріп, оқырмандарға кітапқа басылған  бірқатар өлеңдерін оқып берді.

nugmanov-zalda

Жайдарлым  Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT