Қаңтарда ұрланған 2089 қару әлі табылған жоқ

(0 Votes)

Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Алматыдағы, Талдықорғандағы және Тараздағы жаппай тәртіпсіздік барысында қызметтік және азаматтық қару ұрланып, бұл азаматтардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірді. Бүгінгі таңда полицейлер 860 қару-жарақ, оның ішінде 475 - табельдік және 379 - азаматтық қаруды тәркіледі. Қазір сол күндері ұрланған 2089 бірлік қарудың орналасқан жері әлі анықталмаған», дейді Мұхтар Қожаев.

Оның айтуынша, олардың көпшілігі қару-жарақ дүкендерінен ұрланған. Тағы 159 бірлік травматикалық, газ және сигналдық тапаншалар ретінде тіркелген.

Сонымен қатар ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары атап өткендей, полиция қосымша 1936 қаруды тәркіледі, олардың көбінен нөмірлер түсірілген.

«Сондықтан олардың қаңтар айындағы оқиғаларға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», деп қосты ол.

 

фото ашық дереккөзден алынды

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521