Ақпараттық топ мұнайшылар арасында

(0 Votes)

Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуін және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерді кеңінен түсіндіру мақсатымен аудандық ақпараттық-насихаттық топ «Төбеарал ойл» ЖШС мұнай өндірісі ұжымының қызметкерлерімен кездесті.

Жиналысты «Төбеарал ойл» ЖШС-нің өндірістік учаске шебері Жәнібек Хайдаров ашып келген қонақтарға қош келдіңін айтты.

Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ғайни Карина топ мүшелерімен таныстырып, Мемлекет басшысының елдің дамуының айқын бағытын көрсетіп берген Жолдауындағы басты 10 бағыттың әрқайсысының маңыздылығына жеке-жеке тоқталды. Олар барлық сала бойынша жетістікке жету үшін адами капиталдың атқаратын рөлі зор екендігін баса айтты. Тиімді мемлекеттік бағдарламалардың, болжампаз саясаттың арқасында еліміз қарқынды дамығанын, Елбасының Жолдауында көрсетілген міндеттер сөзсіз орындалатынын жеткізді.

Одан әрі баяндамашы Ғ.Карина бүкіл әлем бойынша мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар кейінге шегеріліп, үкіметтер бұрынғы міндеттерінен бас тартып жатқан уақытта Мемлекет басшысы үлкен бастаманы қолға алып отырғанын тілге тиек етіп, Елбасымыз кезекті рет Қазақстан үшін халқының әлеуметтік жағдайы әрдайым басым бағыт болып саналатынын іс жүзінде дәлелдеп бергенін айтты. Елбасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінің негізгі ерекшеліктеріне назар аударды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жалғасбай Шамбузов еңбек дауларының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 176 бабына енгізілген өзгерістер, оның ішінде заңсыз деп танылған шерулер жөнінде қаперге берді.

Өндірісте ұзақ жылдан бері еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі қызметкер Өтепқали Нұрғалиев Жолдау, Үндеу туралы жақсы түсінік берілгеніне ризашылығын білдіріп, мұнайшылар атынан ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне алғысын айтты.

А.ШАКУПОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521