Ақкөлге карантин енгізілді

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округі аумағында қосымша карантин іс –шараларының , оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы  Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Утаров Карл Камидоллаевичтің №4 қаулысы.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13 –тармағының 4 тармақшасына және 148 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 22 мамыр 2020 жылғы №37 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» және 2020 жылғы 30 мамырдағы №38 «Қазақстан Республикасының Бас мемілекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларын, Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 30 мамыр 2020 жылғы №49 қаулысын, басшылыққа алып, Республикалық мемілекеттік мекемесі Құрманғазы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының №158-191503 ережесіне сәйкес және Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округінде коронавирус инфекциясынан қолайсыз эпидемиологиялық ахуал қалыптасып, 18 адамнан коронавирус инфекциясына оң нәтеже анықталып, 1 адамның коронавирус инфекциясынан қайтыс болуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2020 жылғы 6 маусым сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 18 маусым 07.00-ге дейін Ақкөл ауылдық округі аумағында келесі карантиндік шаралары енгізілсін:

Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай кезінде карантин шараларын сақтау, сондай-ақ коронавирус инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында (бұдан әрі COVID-19) Ақкөл ауылдық округ әкіміне, ауылдағы барлық мекемелердің басшыларына, полиция қызметкерлеріне.

1) Ақкөл ауылдық округі аумағына кіруге және одан шығуға тыйым салынады, тұрғылықты жерінде сағат 06.00-22.00-ге дейін жүруіне рұсқсат етілсін;

2) басқа елді мекендердің тұрғындарына Ақкөл ауылдық округі аумағына кіруге қатаң тыйым салынсын.

мыналарды қоспағанда, тұрғылықты жерлерден шығуға тыйым салынсын:

-азық-түлік, дәрі дәрмектермен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;

-жұмысқа бару / анықтама негізінде/;

-медициналық көмекке жедел-жәрдем қызметін шақырту арқылы жүгіну;

3) Ақкөл ауылдық округі әкіміне, шекара бекеті басшысына темір жол станциясындағы келіп тоқтаған поезд вагондарының есіктері ашылмасын, адамдарға түсуге мінуге қатаң тиым салынсын. Ресей Федерациясы аумағында жұмыс жасайтын қызметкерлерге мекеме басшылары 15 күнге вахталық әдіспен жұмыс жасауды ұйымдастырсын, 15 күндік жұмыстан келген қызметкерлер 14 күнге үй карантиніне алынсын.

4) 18 жасқа дейін және 65 жастан асқан ауыл тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпасын;

5) тұрғылықты жерінен тыс жерде жүрген кезде ауыл тұрғындары масқа тағып жүрсін, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалансын және қолға жағуға арналған антисептиктерінің болуын қамтамасыз етсін;

6) балалармен серуендеуді тұрғылықты жерінен 50 метрден аспайтын және ұзақтығы 30 минуттан аспайтын радиуста жүзеге асырсын;

7) азық-түлік дүкендерін, дәріханалар мен қажетті тауарларды қоспағанда өндірістік тауарларды, құрлыс материалдарын сататын орындардың, базарлардың сауда-ойын-сауық орталықтарының қызметі тоқтатсын;

8) азық-түлікке жатпайтын сауда орындарының жеке тұратын азық-түлік емес дүкендердің, автокөлік бөлшек сататын салондарының, гүл павильондарының, фотоателье, фотосалондардың, оптика, ломбардтардың, жылжымайтын мүлік агенттіктердің, көлік жуу орындарының, техникалық қызмет көрсету станциялары, моншалар, сауналар, спорт кешендері, сұлулық салондары, тырнақ шеберханалары, шаштараздар, компьютерлік клубтар, жабық балалар ойын алаңдары, көрмелер осыған ұқсас қызмет көрсету нысандары қызметі тоқтатылсын.

9) мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар басқа да қоғамдық тамақтану объектілер жұмысына 10.00-ден бастап 19.00-ге дейін «тапсырыс берушілерге» жеткізу қағидасы бойынша рұқсат берілсін.

Шағын салтанатты отбасылық мереке, шағын туған күн кештерін тойлау үшін тойхана иелеріне тұрғындардан тапсырыстар қабылдауға тыйым салынсын.

Карантин кезінде күндізгі және түңгі уақытта салтанатты отбасылық мерекелерді (туған күн, үйлену тойлары, келін түсіру, құдалық) еске алу шаралары және т.б. 3 адамнан артық қонақтар жиналған кезде өткізуге тыйым салынады.

К.Утаров,

Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521