Ақкөлдіктер белсенді

(1 Vote)

Рефендум басталғалы 1 сағат өтті. Ақкөл ауылдық округінің №181 референдум учаскесінде 50-ден астам тұрғын өз таңдауын жасады.

Ел тарихындағы маңызды оқиғаға бейжай қарамай, өз даусын беруге келген ауыл тұрғындарының көңіл-күйі көтеріңкі. Солардың бірі - Мәлік Еркінұлы. Ол осы уақытқа дейін ешбір саяси науқанды тыс қалдырмай келеді. "Референдумға белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы деп санаймын. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт",-дейді тұрғын. №181 референдум комиссиясының төрағасы Жанат Сидеғалиеваның айтуынша, сайлашуларға барлық жағдай жасалған. «Біздің сайлау учаскесінде 1412 адам тіркелген. Ақкөлдіктер белсенді атсалысып жатыр. Барлық сайлау нормаларын қатаң қадағалаймыз», - дейді төрайым. Саяси науқанның өту барысын Ақмарал Қасимова, Тайжан Шаяхметова, Жұмагелді Жүнісов, Нұрлан Сәрсенов, Расул Қабдыжалелов, Нұржамал Сүйінова және Элеонора Төлешова сынды ауыл белсенділері бақылайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT