Ақкөлден COVID-19 жұқтырған тағы 1 адам анықталды

(0 Votes)

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 5 адам тіркелді.

COVID-19 жұқтырған 2 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 1998, 1978 жылы туған мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған және скринингтен өткен қызметкерлер. Ал тағы 2 адам 1969, 1961 жылы туған Атырау қаласының тұрғындары. Олардан инфекция скринигтен өткен кезде анықталған.

Сондай-ақ 1 адам Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылдық округінің 1973 жылы туған тұрғынынан анықталды.Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандықтан одан зертханалық сынамалар алынды. Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда. 09.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1227 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны - 834.

azh.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521