Ақкөлде жағдай тұрақталып келеді

(0 Votes)

Әлем жұртшылығына салқынын тигізген коронавирус дертінен ауданымызда да күрделі жағдай қалыптасып отыр.

Ақкөл ауылдық округінде 6 маусымнан бастап карантин енгізілді. Облыс әкімімен өткен селекторлық кеңесте берілген тапсырмаға орай аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ аталған елді мекендегі тұрғындардың шектеу шаралары кезіндегі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

img_2059

Ақкөлге кіреберіске блок-пост орнатылып, ауылға жаяу жүргіншілердің де, көлік құралдарына да кіріп-шығуға тыйым салынған. Елді мекенге қатынайтын басқа да жолдар аудандық полиция бөлімінің мобильді топ мүшелерімен тәулік бойына қадағаланады. Жеке кәсіпкер Гүлнар Сатылғанованың «Райгүл» көтерме сауда орнында күнделікті қажетті азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті, әлеуметтік маңызы бар тауарлар шекті баға шеңберінде тұрғындарға ұсынылуда. Тұтынушылар есікке ілінген ескертпелерге сай кезекпен, бетперде және қолғаппен кіреді.Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының заңгері Азамат Жандыбаев санитарлық талаптардың орындалуын, залалсыздандыру сұйықтықтарының, антисептиктердің болуын, міндетті түрде үш сағат сайын хлор ертіндісімен жуылып отырылуын ескертті. Жеке кәсіпкер Манзура Исмахованың «Қайсар» кафе-дүкені азық-түлік сатумен бірге телефон арқылы тапсырыс қабылдап түскі, кешкі ас тасымалын жолға қойған. Ас пісіретін орында, дүкен ішінде санитарлық талаптар қатаң орынлатыныа сендірді. Жеке кәсіпкер Ақтоты Сатыбалдиеваның иелігіндегі «Алмагүл» дүкенінде де осындай жағдайды көзіміз көрді.

img_2043

Топ мүшесі, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлепов ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің карантиндік іс-шаралар енгізу туралы қаулысымен таныстырып, онда көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерге қойылатын талаптарды орындау туралы түсіндіріп өтті. Келесі бас сұққан орнымыз ауылдағы бірден бір дәрі-дәрмектер сатылатын «Желдор фармация» ЖШС-нің дәріханасы болды.

Нысан иесі Татьяна Елжанова қазіргі жағдайға қажетті дәрі-дәрмектің, залалсыздандыру сұйықтықтарының, бетперденің, резеңке қолғаптың Ақтөбедегі бас мекеменің жеткізіп отыратынын, алдағы уақытта тағы бір партиясы келетінін айтты. Осы жерде сөзге араласқан ауылдық округ әкімі Бисенбай Рамазанов төмендегі мәліметтермен бөлісті. – Орталықтағы дәріханаларда жоқты осыннан табуға болады, және анағұрлым арзан. Бір реттік бетперде 100 теңге, антисептиктердің де бағасы әлдеқайда қол жетімді. Ақкөлде бастапқыдай емес, жағдай тұрақталып келеді.

img_2066

Азық-түліктің қажетті қоры бар, ауылда кішісі бар, үлкені бар жиырма шақты дүкен тұрақты істеп тұр. Су құбырының дұрыс істемей қалуы себепті ауыз су беруде аздап іркіліс болып еді, жағдай шешілді. Аудан әкімдігінің араласуымен су тасымалдайтын көліктер көмекке жіберілді, бір жеке кәсіпкермен келісіліп босатылу бағасымен 19 литрлік құтыдағы ауыз жеткізілді. Сондай-ақ, «Құрманғазы» қайырымдылық қорынан да көмектер көрсетілді. Карантиндік тәртіпті реттеуде аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің әлі де белсенді түрде араласуы қажет деп ойлаймын. Тұрғындар тарапынан тәртіпке бағынбаушылықтар кездесіп отырады, сондайда округ әкімдігінен гөрі құқық қорғау қызметінің сөзі мен ісі өтімдірек болар еді. Аудандық денсаулық сақтау ұйымдарымен де байланысымыз жақсы.

img_2062

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521