Ақкөлде жағдай қалыпқа түсті

(0 Votes)

Бұған дейін коронавирус індетін жұқтырғандар анықтылуына байланысты ауданымыздың бас санитарлық дәрігері мен аудан әкімдігі Ақкөл ауылдық округіне шұғыл түрде карантин енгізуге мәжбүр болды.

Мұнда 45 адам індет жұқтырып, оның екеуі өмірден өтті. Карантин өз жемісін беріп, індеттің өршуі тыйылды. Бүгінде мұнда жағдай қандай екенін білмек ниетпен округ әкімі Бисембай Рамазановқа хабарласқан болатынбыз. Бисембай Кәрімұлының айтуынша қазір жағдай тұрақтады. 4-ші шілдеде блок посттар алынғаннан кейін аудан орталығымен, көршілес елді мекендермен қарым-қатынаста қиындық туындап отырған жоқ.

Теміржол бойымен әзірге тек жүк пойыздары ғана жүруде. Қазір мұнда Мемлекет басшысының енгізген 14 күндік шектеулері күшіне енген.

Тұрғындарға сақтық шараларын сақтауы, бетпердемен жүруі, егде жастағы адамдарға себепсіз көшеге шықпауы, той-томалақтарды әзірге тия тұру, қаделерде адамдардың ауру жұқтыруын болдырмау үшін қауіпсіздікке мән беру қажеттігі ескертілді.

Аудан бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны күні бүгін 110 адамға жетіп отыр.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521