Ақкөлде өткен зияткерлік ойын

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіз елдің ұлы көшбасшысы – Елбасы» тақырыбында Ақкөл ауылдық округіне қарасты мекемелер арасында зияткерлік ойыны өткізілді.

Округ әкімі Әлімбай Әбдрахман сайысқа қатысушыларды құттықтап, ойында сәттілік серіктері болуына тілектес екенін білдірді.

Сайысқа Ақкөл жалпы орта мектебінің жас мамандары, Ганюшкино станциясы ұжымының «Атамекен», Ақкөл желілік өндірістік басқармасының «Ақкөл», Ганюшкино теміржол шекаралық бақылау бөлімшесінің «Жалын» , «Нұрай» балабақшасының «Егеменді ел» командалары қатысып бақтарын сынады. Барлық командалар да жақсы ойын көрсетіп, білгірліктерін, біліктіліктерін байқатты. Әрине, жарыс болған соң біреудің бағы жанып оза шабады, екіншілері қалыс қалады. Атылған сайыстың «Таным», «Ой таным», «Елтаным», «Кім жылдам?» кезеңдері бойынша, «Атамекен» командасы 1 орынды иеленді. «Ақкөл» командасы 2-ші орыннан көрінді. «Жалын» командасы 3 орынды місе тұтса, Бас жүлде және ауыспалы кубок бұл жолы Ақкөл жалпы орта мектебінің жас мамандарына бұйырды. «Нұрай» балабақша ұжымы «Ұшқыр ойшыл» номинациясына ие болды.Зияткерлік ойыны дәстүрлі түрде әр тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Сайыста белсенділік көрсеткен барша қатысушыларға ризашылығымызды білдіреміз.

4 желтоқсан күні Ақкөл әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Ақкөл және Хиуаз ауылы ардагерлері арасында дойбыдан және шахматтан жолдастық кездесу өткізілді. Дойбыдан командалық, шахматтан жекелей өткен сайыста соңғысынан бірінші орынды ақкөлдік ардагер Мұхамеджанов Батырбек жеңіп алды. Дойбыдан ақкөлдік ардагерлер командасы (Ризуан,Асылбек ағалардан тұратын) екінші орынды иеленді.

Үлкендердің сүйікті ойындары доминодан командалар тең тарасты. Жарыс тартысты өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Сайыс аяқталған соң екі ауылдың ақсақалдары өздеріне арналған дастарханнан тәтті шәй ішіп, көтеріңкі көңіл-күймен, бата беріп тарасты.

Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521