Ақкөлде өткен қайырымдылық турнирі

(0 Votes)

"Көп түкірсе көл" - демекші Ақкөл жастары ұйымдастырумен үстел теннисінен жарыс өтті.

«Алланың Елшісі (с.а.у.): Садақа беруде асығыңдар. Өйткені апат садақадан оза алмайды», - деген хадисіне 15 спортшы амал жасап, қайырымдылық жәшігіне өздерінен артылған қаражаттарын салып, сайыста бақтарын сынап көрді.

Аудан орталығынан Джанканов Марат сен тұр мен атайын деген шәкірттерін алып келіп жарыстың делебесін қоздырды. Ашылу салтанатында округ әкімі Рамазанов Бисенбай сөз сөйлеп, "саңылақтарға сәттілік тілеп, осындай қайырымдылық шаралар ауылымызда көбірек болып, жалғасын таба берсін" деген тілегін білдірді. Жарыста өкініш те, қуаныш та орын алып, өте қызықты өткен сайыста қолындағы ракеткасы өзіне бағынып, соққан шаригі діттеген жеріне ұшып, қарсылас шақ келтірмеген Сулейменов Даулет бас жүлдені қанжығасына байлады. Маратов Арсен финалда есесін жіберіп алып, бір саусағын бүгіп қалды. Үшінші орын Русланұлы Махмудқа бұйырса, Шамуратов Самғат әр ұпай алған сайын айқай салып, шабытын оятып, өзінің керемет шеберлігін күллі жұртқа паш етіп, "үздік техникасы үшін" деген марапатты жеңіп алды. Осы сайысқа демеушілік танытқан ЖШС "Акколь строй сервис"- тің директоры Мухамбеталиев Өмірбек Тұрарбекұлына ауыл жастары атынан алғысымызды айтамыз.

Елеусин Ибрагимов

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21