Ақкөлде сақтық шараларын қатаң сақтау талап етіледі

(0 Votes)

5. Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді, сату обьектілері бар ұйымдар, кәсіпкерлік субьектілері, үкіметтік емес ұйымдар:

1) әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолдана отырып ылғалды тазалау жүргізу;

2) ғимараттардағы жабдықтау мен желдеткіштің жұмысын тексеру және тазалау;

3) жұмысшылар мен келушілердің байланыссыз термометриялық және тыныс алу органдарының аурулары белгілерінің болуын тексеруді қамтамасыз ету;

4) сатушылар мен басқа жұмысшылардың келушілермен, әр екі сағат сайын ауыстырып тұратын қорғаныш маскаларымен, қорғаныш көзілдіріктермен және резинке қолғаптармен жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

5) келушілердің нысандарға тек медициналық маскамен жіберуге;

6) дүкендерде, сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында сатып алушылардың қозғалысын 2 метрден кем емес карантин және қашықтықты сақтау үшін өткелдерде таңбаларды орналастыруды қамтамасыз ету, кезектер жасау кезінде обьектілерді үй жайларына өткізу қабілетін ескере отырып кезекпен адамдарды кіргізуді қамтамасыз ету;

7) кезек орындарында жоғарыда аталған тәртіпті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және азық-түлік бөлімдеріне кірер алында кезекте қашықтықты сақтау туралы ақпараттық тақтаны құруға;

8) азық-түлік өнімдерін тасымалдайтын жүк көліктеріне аудандық штабтың арнайы рұқсатымен қозғалысына рұқсат етілсін.

6. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысына Ақкөл ауылдық округ әкімімен бірлесіп:

1) коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша Ақкөл ауылы аумағында карантин іс-шаралары режимін сақтау жөніндегі жадынамалар, хабарландырулар, инфографикалар бейнероликтер мен жүгіртпе жолдарды т.б. тарату арқылы түсіндіру жұмыстарды жүргізуді, әлеуметтік желілер арқылы таратуды қамтамасыз етсін.

7. Ауылдың тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларына (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалар) аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысына, округ әкімдеріне:

1) аудандық шаруашылық ауыз су құбырларында ауыз суды залалсыздандыру жөніндегі іс шараларды күшейтсін;

2) су құбырымен кәріз желілеріндегі апаттарды уақытында жоюды және кейіннен жүргізілген іс шараларды, оның ішінде зертханалық жұмысты қамтамасыз ету;

3) қызметкерлерді жеке қорғау құралдарымен (маскалармен) қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер шегінде қызметкерлердің қозғалысын карантин, олардың бір-бірімен жақын қарым- қатынасын болдырмау;

4) жалпы пайдалану орындарында дезинфекциялық режимді күшейту;

5) негізгі технологиялық процеске байланысты емес қызметкерлерді қашықтан жұмыс нысанасына ауыстыру;

8. Мемлекеттік органдардың ұйымдардың кәсіпкерлік субьектілерінің үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына тыйым салу:

1) мәдени–бұқаралық, спорттық, діни және басқа да мерекелік іс шаралар өткізуге;

2) ұйымдарымен кәсіпорындар қызметткерлерінің Ақкөл ауылдық округі аумағынан тыс жерлерге баруға;

3) халық арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша үй карантинін сақтауға және ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақытылы қарау қажеттілігіне баса назар аудара отырып санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту;

9. «Ганюшкино темір жолы» шекара бақылау өткізу пункті:

1) Жеке құрам қызметкерлерін арнайы қорғаныш киімдерімен қамтасыз ету.

10. Аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Кубаеваға:

Ақкөл ауылдық округінің мектеп бітіруші 22 түлектерін ұлттық бірыңғай тестіге санитарлық-эпидемиологиялық қағида талаптарын сақтай отырып, қатысуын қамтамасыз ету.

11. Құрманғазы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы:

1) карантиндегі стацинонарлар мен обьектілерде санитариялық дезинфекциялау режимінің сақталуын бақылауды күшейту;

2) бекітілген аумақта, халықтың жаппай жиналатын обьектілерінде санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс шаралардың орындалуын бақылау ;

12. Осы қаулы барлық мүдделі ведмостваларға жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін;

К.Утаров,

Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521