Наурыз-жаңару, қауышу мерекесі, жыл басы. Күллі мұсылман баласы күн менен түннің теңесетін уақыты осы наурыз мейрамын ерекше атап өтеді.
20 наурыз күні Ақкөл ауылы тұрғындары осынау ұлы мерекені атап өтпекке вокзал маңындағы алаңға ағылды. Ия,халық көп жиналды. Алаңға Ақкөл ауылындағы бұқаралық шараларға қай кезде де белсене қатысатын: ДС мекемесі (басшысы Теңел Дидарханұлы), "Нұрай" бала-бақша мекемесі (басшысы Динара Құрманбайқызы), Ақкөл ауылдық Мәдениет үйі (басшысы Үрістем Есенгелдіұлы) алаңға бір күн бұрын ұжымдық киіз үйлерін қондырып та тастағанды.
Мәдени шара жылдағыдан өзгешелеу, оюлы ұлттық шапанын киген ауыл ақсақалы, темір жол саласының ардагері- Әбіш қарияның батасымен ашылды. Бата көнекөз қарияның Ақкөлдіктерге жолдаған әдемі тілегімен астасты. Бата-тілектен кейін Ақкөл ауылы әкімі Әлімбай Әбдірахман мінбеге көтеріліп, Ақкөл ауылының тұрғындары мен шараға қатысып отырған көрші ауылдардан келген қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, әр жылдары Ақкөл ауылының әлеуметтік, экономикалық дамуына өз үлестерін қосқан және күні бүгінде қосып жатырған үлкенді кішілі еңбек майталмандарының бір тобын Аудан әкімінің және округ әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.
Наурыз мейрамында, тап осы арада ауыл өнерпаздарының орындауындағы билер кезегімен орындалып, әсем әндер қалықтап тұрды. Әсіресе ауылдағы медициналық бөлімшенің мейірбикесі- Гүләйім Күлетованың орындауындағы "Наурыз" туралы әнін көрермендер жылы қабылдады. Сондай ақ "Нұрай" бала-бақшасының ұжымы осы шараға арнайы дайындаған "Бесікке салу" жоралғымызды насихаттау мақсатындағы қойылымы көрермендердің үлкен ықыласына бөленіп, жай көрермен болып қатысып отырған ауылдағы ДС мекемесі қызметкері Қ Асылбеков осы өнерпаздар ұжымына 20 000 теңге демеушілік-қадесін жасап,мәрттік танытты.
Шараның көркін сом білекті кір тасын көтеретін атлет жігіттеріміздің келтіргенін айтып өткеніміз жөн, мерейлері тасысын. 32 килолық кір тасын еш қиналмастан сіріңкенің қорабын көтергендей аспанға қайта-қайта ататын Ақкөлдіктер бар екен.1 ші орынды ЛПУ мекемесінің жүректі жұмысшысы-Дәурен Қарымсахов, 2 ші орынды ДС мекемесінің білекті жігіті-Қанат Нұрмуханбетов талассыз жеңіп алса,үшінші орын Ақкөл мектебі дене шынықтыру пәні ұстазы -Асылан Құспановтың қанжығасына байланып кетті. Жүлдегерлер 1,2,3 дәрежелі Дипломдармен және 7000, 5000, 3000 теңгелік қаржылай сыйлықтармен ұлғыланды. Бұл ,кір тасын көтеру сайысына демеушілік танытқан өзіміздің ауылымыздың Әскериленген күзет мекемесі еңбеккерлері ( басшысы: Оразбек Әжіғалиев) кір тасын көтеру сайысымен қапталдаса арқан тартыс сайысы да өтіп жатты.
Атына сай бұл тартыс та тартысты өткендігін айтып өтсек дейміз. Бірінші орынды ДС мекемесінің (жаттықтырушылары Исатай Бояров) сайыпқыран жігіттері 1 ші дәрежелі Дипломмен қоса 7000 теңгелік байрақты ұтып алса, 2 ші орын ауылымызда орналасқан шекарашы сарбаздарға бұйырып, 2 ші дәрежелі Диплом мен 5000 теңгелік ақшалай сыйлыққа иелік етті. 3 ші орын кәріне мінсе арқан түгіл тепловозды да сүйреп кететін Депо мекемесінің таудай жігіттеріне 3 ші дәрежелі Диплом мен 3000 теңгелік байрақ табысталды. Бұл сайысқа демеушілік еткен Теміржол өртсөндіру ұжымы (басшысы спорт жанашыры,қолы ашық Ерсін Адилов) Ел президенті Қ К Тоқаев биылғы жылды балалар жылы болып белгіленгенін айтып өткен ді. Осы Наурыз мерекесінде алаңның бір шетінде оқушылар арасында асық атудан жарыс жалғасып, 1,2,3 ші орындарды Ақкөл мектебінің оқушылары: А Жақсылықұлы, Б Қайырбек, Н Ниғметоллалар осы ретпен жеңіп алды. Осы сайыс түріне жеке демеушілік танытқан "Нұрай" бала-бақша меңгерушісі Д Қ Сәрсенбиева оза шапқан бұл сайыс жүлдегерлеріне 3000,2000,1000 ақшалай сияпат жасаса округ әкімдігі оларды Диплом мен медалдармен ұлғылады.
Шараның басты сайысы-қазақша күрес болды. Оған жергілікті апайтөс палуандармен қоса аудан орталығынан көрші округтерден келген спортшы палуандар қатысып, 70-90 килограмм салмақ пен 90 килограммнан ары салмақта сайысқа түсті. 70-90 кило салмақ бойынша: 1 ші орын Бауыржан Мүсілімов (Теңіз ауылдық округі) ,2 ші орын Кәримов Орынбек (Ақкөл ауылдық округінен),3 орын Хабенов Жастілек (Құрманғазы ауылдық округінен) жүлдегерлер атанып Дипломдар мен 7000,5000,3000 теңгелік байрақтармен марапатталса,90 килодан жоғарғы салмақта 1 орынды Фазылов Нұрлыбек (Нұржау ауылдық округінен), 2 ші орынды Нұрмағанбетов Қанат (Ақкөл ауылдық округінен), 3 ші орынды Ділмағанбетов Бауыржан (Құрманғазы ауылдық округінен) иеленіп 1,2,3 орындық Дипломмен және 7000,5000,3000 теңгелік сыйлықтарға қол жеткізді.Жарысқа ЛПУ мекемесі (басшысы А Жәнесов) және жігіттері жомарт ПТО мекемесі ұжымы( Әдебиет Мусағалиев) демеушілік жасап ,мәрттік көрсетті. Биылғы Наурыз мерекесінде түрлі өнімдерін халыққа ұсына отырып ,қызмететкен сауда саттықпен айналысатын жеке кәсіпкерлеріміздің де еңбектері елеусіз қалмады. Сол топтың ішінде өнімдерінің әр түрлілігімен,сыпайы мінезімен көзге түскен жеке кәсіпкер Гүлмай Турчеева "Үздік сауда нүктесі номинациясы бойынша жеңімпаз атанып ,округ әкімінің Алғыс хатымен марапатталды." Әдемі киіз үйлерін тігіп, ішін әдемі безендіріп, Наурыз мерекесіне қатысушыларға әдемі дастарқан жайып мерекелік дәм ұсынғандары үшін ДС және "Нұрай" бала бақшасы ұжымына округ әкімі Әлімбай Насихатұлы Әбдірахманның Алғыс хаты да табысталды. Кешкілік Ақкөл мәдениет үйінің кез залында наурыз мерекесіне орай ауылдағы ұжымдар арасында зяткерлік сайысқа жалғасты.