Ақкөлде электр желілері жаңарады

(0 Votes)

Әлеуметтік желіде аудан әкімдігінің ресми парақшасынан онлайн режимде есеп берген Ақкөл ауылдық округінің әкімі Бисенбай Рамазанов барлық салалар бойынша атқарылған жұмыстарды өткен жылғымен салыстыра баяндады.

Атқарылған жұмыс аз емес. Зейнеткер Жауғашты Дүйсенов поштада оператордың жоқтығынан түрлі төлемдерді уақытында төлей алмай отырғандығын алға тартса, ауыл тұрғыны Е.Касимов көшелерді жарықтандыру мәселесін көтерді. Нұрпейісова көшесінің тұрғыны Г.Мұхтарова бұрын салынған спорт алаңдары жөндеуді қажет ететінін жеткізсе, А.Шамбиров ауылішілік жол құрылысы қашан басталатынын сұрады.

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев өзіне қатысты сұрақтарға жауабын қайтарды.

– Ақкөл ауылында спорт кешені, балабақша сынды әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Ауылішілік жол салу жұмыстары биыл басталады. Мердігер мекеме анықталды. Жоба құны 926 млн. теңгені құрайды. Сонымен қатар, ақкөлдіктер үшін жыр болған ауыз су мәселесі шешімін табады. Бұл бағытта нақты істер жүзеге асуда. Қазпоштаға қызметкер алынды, жергілікті жерде тұрғындарға қызмет көрсетеді. Ақкөлде тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру мақсатында былтырғы жылы ЖСҚ жасақтап, мемлекеттік сараптамадан қорытындысын алдық. Қаржы бөлінуіне қарай бұл жұмысты бастаймыз деп жоспарлап отырмыз, - дей келе, аудан басшысы қазіргі эпидемиологиялық ахуал жағдайында Ақкөл ауылынан 200-дей адам Ресей мемлекетіне қатынап жұмыс жасап отырғанын тілге тиек етіп, осыған орай, карантин талаптарын қатаң бақылауды округ әкіміне ескертті. Сонымен қатар, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, жұмыссыздықпен күресті күшейту, қылмысты азайту бағытында бірқатар тапсырмалар жүктеді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521