Ақкөлде екі серіктестік құрылады

(0 Votes)

Ақкөл ауылдық округінде болып, көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен кездесуінде бірқатар түйінді мәселелер көтерілді.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Сисатов: – Бұрын бұл үйлер мемлекеттің  қарауында болса, қазір өздеріңіздің ортақ, жеке меншіктеріңіз болып есептеледі. Соған байланысты былтырғы жылдан бастап еліміздің барлық жерінде жәй серіктестіктер құрылып жатыр. Себебі, енді бұрынғыдай мемлекеттен қаражат қаралмайды. Жай серіктестік арқылы терможаңғырту бағдарламасын жасақтауға болады. Тұрғындардың барлығы бірдей мұны білмеуі мүмкін, өйткені әлеуметтік желілерді, газет-журналдарды көбі қарамайды. Сол себепті түсіндіру мақсатымен орталарыңызға келдік. Сіздерге қолайлы болғаны бізге де жақсы. Жай серіктестік құрылғаннан соң, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тіркеледі. Бүкіл жұмыс жәй серіктестік арқылы жүреді. Сол адаммен қоян-қолтық жұмыс жасалады. Мұның құрылып отырған себебі 1997 жылдан бастап көппәтерлі үйлер жекешелендіріліп кеткен, қазір жөндеуді қажет етеді. Әрбір көп қабатты үйде 16, 24, 12 немесе 8 отбасы тұрады. Оларда мекендейтіндердің  бірі қосылып, екіншісі ақша бермесе мына  үйлерге сіздер қалай жөндеу жасайсыздар? Міне, осыны жәй серіктестік төрағасы реттейді. Жөндеуге, тазалыққа ақша бермеген адамды бір-екі рет сотқа апарып айыппұл салдырғаннан кейін келесіде ол бірден қосылады, - деп серіктестік құруға шақырды.

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Шынболат Мусин:

– Бұл– үйді күтіп ұстау мақсатында жасалып отырған саясат. Сырттан ешкім келіп ақша жинаңыздар деп мәжбүрлемейді, серіктестік құру ерікті түрде жүзеге асады. Жай серіктестіктің төрағасы заңды тұлға болып табылмайды. Серіктестікте төрағадан бөлек екі көмекшісі, қаржылық мониторинг жасайтын адам болады. Құрылғаннан кейін есепшоты ашылады, соған ақша салып тұрасыздар. Ағымдағы есепшотқа түскен қаржыны  үйді күтіп ұстау бағытындағы күнделікті  қажеттіліктеріңізге жұмсайсыздар. Екіншісі–депозиттік есепшот. Оған жиналған ақшаны екі-үш жылдан соң үйге жөндеу жүргізуге және басқа мақсатты жұмыстарға пайдаланасыздар. Төрағаны сайлағанда әрбір тұрғын осы кісіге сенім білдіреміз деп сенімхат береді. Сол арқылы ол адам кез-келген сервистік компаниямен келісімшартқа отырып, қажетті жұмыстарды жасай алады. Аудан және округ әкімдігіне шығып барлық мәселелерді шешеді, - деп сұрақтарға жауап қайтаруға әзір екенін жеткізді. Осындай кездесулерге үнемі қатысып, халықтың ортасында жүретін, мәселелерін шешуге атсалысатын  аудандық мәслихаттың депутаты Бержан Кенжебаевта жай серіктестік құрған тиімді екенін атап өтті.

Одан әрі көппәтерлі үйлердің тұрғындарын толғантып жүрген мәселелер тыңдалды. Олар, атап айтсақ жол салу, жарықтандыру, тазалық, қалдық суларды сорғызу және тағы басқалары. Аудан әкімінің орынбасары Болатбек Серікұлы жасалып жатқан жұмыстарды айтып өткен соң,  көппәтерлі үйдің тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, жай серіктестік құруға келісті.

 

Қанат Ғұмаров,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521