Ақкөлде екінші қабаттан 2 жасар сәби құлап кетті

(0 Votes)

2020 жылдың 18 маусым күні түнде сағат 23:39-да Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Аккөл ауылдық округі, Аккөл ауылы, Иманова көшесі 32, 2 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатынан белгісіз жағдайда 2018 жылы туған 2 жасар қыз бала құлап кетті.

Құрманғазы ауылының аудандық ауруханасына жабық бас сүйек жарақаты диагнозымен жатқызылды. Бұл 2020 жыл басынан бері балалардың терезеден құлауының тіркелген 4 жағдайы.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жүргізіп жатырған профилактикалық шаралары мен ескертулеріне қарамастан, бұндай жағдайлардың орын алуы тоқтар емес.

Құрметті ата-аналар!

Көп жағдайда балалардың құлауы олардың ата-анасының қарауынсыз қалуы себебінен орын алады. Қасіреттің алдын алу үшін, кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.

Сонымен бірге барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қоюды ұсынамыз. Терезедегі москиттік торларға сенбеңіз! Олар құлаудан сақтауға арналмаған.

Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.

Атырау облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521