Ақкөлде алғашқы қоңырау соғылды

(0 Votes)

Барша балалар сөмкелерін асынып мектепке қарай асығатын, ұстазбен қауышып, сыныптас достармен кездесетін күн. Осынау күні бірі алғаш рет оқушы атанса енді бірі үшін соңғы рет «алғашқы қоңырау» -дың соғылар күні. Білім нәрімен сусындап, оқуға асыққан әр оқушы келешектің ірге тасын қалаушылар.

1 қыркүйек күні еліміздің барлық жерінде алғашқы қоңырау соғылды. Осы дәстүрмен жалпы білім беретін Ақкөл жалпы орта мектебінде де алғашқы қоңырау үні естілді.

Алғашқы қоңырау салтанаты еліміздің ҚР Мемлекеттік Туын кіргізуімен ашылды. 1 сынып пен 11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілерін атап таныстырды. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Арайлым Қаржауоваға берілді. Мектеп директоры ұжымдастарын, оқушылар мен ата-аналарды, шақырылған қонақтарды білім күнімен құттықтап, былтырғы оқу жылының қорытындысын айтып өтті.

12cbd55d-00f6-4fb6-afb6-4d11c3947b02

Ақкөл жалпы орта мектебі биылғы жаңа оқу жылын 1-11 сынып аралығында 867 оқушымен, 43 сынып компонентімен, МАД тобында 101 тәрбиеленушімен, 5 топ болып бастағалы отыр. Мектептегі білім сапасының басты көрсеткіштерінің бірі-бұл мектеп түлектерінің білім деңгейі. Былтырғы оқу жылында 32 мектеп бітіруші түлектен Ишанғалиев Ғайса «Алтын белгі» иегері атанып, ҰБТ-дан 117 ұпай жинаған. Және 17 түлек жоғары оқу орнына,15 түлек арнайы орта оқуына қабылданып, 11 түлек білім грнаты иегері болып танылған.

Балалардың жазғы демалысында мектепшілік лагерьге 120 оқушы, Железноводск қаласына 8 оқушы, Көкшетау қаласында Балдәурен лагеріне 3 оқушы, Орал қаласына 1 оқушы, мекемелер атынан әр түрлі бағыттағы лагерлерге 102 бала қамтылған.

Алғашқы қоңырау салтанатында «Мектепке кітап сыйла» акциясына орай мектеп кітапхана қорына кітап сыйланды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Жұмағаным Наурызова құттықтау тілегін білдірді. Құттықтау сәлемдеме ретінде білім алушылар әндерін орындады. Шара барысында «Білім кілті» табысталып, алғашқы қоңырау соғылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521