Ақкөлдіктер салауаттылықты таңдайды

(0 Votes)

 Әлемді жайлаған нашақорлық тамырын кең жайып, бүкіл адамзат баласын түгел алаңдатып отыр.

Есірткі тұтынудың алдын алу және заңсыз есірткі айналысына қарсы әрекет ету мемлекет саясатының маңызды бөлігінің бірі болып табылады.

Округте бұл бағыттағы жұмыстар мектеп ұжымымен және учаскелік құқық қорғау қызметкерлерімен бірлескен түрде атқарылып келеді. Ақкөл ауылдық округінің кітапханасында ауыл жастары арасында«Нашақорлық–қоғамның дерті» атты пікірсайыс және «Дәстүріңді сақтай біл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда есірткі тұтынудың қасіреті, психотроптық заттардың адам өміріне аса қауіптілігі кеңірек айтылып, нашақорлықтың алдын алу жолдары түсіндірілді. әне жастарды саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Осы мақсатта округтің Құспанов көшесі бойына «Нашақорлық болашаққа төнген қатер», «Менің келешегім есірткісіз болады» атты көрнекіліктер орналастырылды. Округ бойынша құқық қорғау қызметкерлерімен профилактикалық іс шаралар өз деңгейінде жүргізіліп отырылады. Нәтижесінде нашақорлыққа қатысты құқықбұзушылық анықталған жоқ. Алайда Қапетов Жеткіншек, Ғұмаров Қанат, Килимов Роман, Құрманғазиев Амангелді сияқты округ тұрғындары есірткі құрамдас шөпті пайдаланғаны үшін аудандық полиция бөлімініңжәне аудандық аурухананың наркологиялық есебіне алынды. Олармен түсінік жұмыстары жүргізіліп, жат әрекеттерге бармаулары қатаң ескертілді. Төртеуі де жергілікті құқық қорғау қызметкерлерімен бақылауға алынып, тексерулер жүргізіледі. Қазіргі уақытта бұл азаматтардың біреуі тұрақты жұмысқа тұрса, қалған үшеуін жұмысқа орналастыру қарастырылу үстінде.

Нашақорлық өскелең ұрпақтың санасын улайтын қауіпті дерт екені жайлы айтылып та, жазылып та жүр. Сондықтан дені сау, жаны таза саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін одан сақтану, кең тарамас үшін күресу қажетпіз. Қоғамдағы кеселді түп тамырымен жоюдың негізгі жолдарының бірі салауатты өмір сүруді насихаттау, жастарғдың спортпен шұғылдануына жағдай жасау екені сөзсіз. Бұл орайдаокруг әкімщілігі тарапынан ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануы үшін ауылдың бірнеше көшелеріне шағын спорт алаңдары салынды. Осындай қамқорлықтың нәтижесінде көптеген ауыл жастары спортқа жақсы бет бұра бастады. Сонымен қатар, Ақкөл орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерімен бірлескен түрде спорттық сайыстар, волейболдан, баскетболдан және футболдан оқушылар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырылып келеді. Мектеп оқушыларымен бірге спортсүйер жастар да бос уақыттарын тиімді пайдаланып, денсаулықтарын нығайтуға атсалысуда. Бұл шаралар сайып келгенде олардың зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, жақсылыққа ұмтылуғакөп септігін тигізеді. Есірткілерді, психотроптық заттарды тарату және тұтыну фактілерін анықтау бойынша көңіл көтеру орындарында Ақкөл полиция бөлімшесінің қызметкерлері, окргугтің мамандары, Ақкөл орта мектебінің тәрбие ісінің орынбасарлары болып біріккен рейдтер жүргізеді.

Сөз соңында айтарым, адамның өміріне қара бұлт төндіретін ғасыр дерті деп аталып кеткен қауіпті кеселмен күрес көкірегі ояу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы болуы тиіс. Ол үшін жеке бастың, сонымен бірге қоғамның салауаттылығын арттырып, азаматтардың спортпен айналысып, шыныққан да шымыр болуы үшін насихаттық жұмыстарды пәрменді жүргізе беру керекпіз. «Дені саудың, жаны сау» деген, түрлі дерттердің алдын алып, аман сау жүргенге не жетсін?!

Бисенбай РАМАЗАНОВ,

Ақкөл ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521