АҚКӨЛДІК АЗАМАТ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ДІНИ УАҒЫЗДЫ НАСИХАТТАПТЫ

(0 Votes)

Атырау стансасы ЖПБ-мен Ганюшкин стансасы ЖПБ бірлесе отырып 2020 жылдың маусым айында «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде 28 жастағы ер адамның дәстүрлі емес ислам идеяларын насихаттайтын аудио дәрістерді сақтау фактісін анықтады.

Тексеру барысында ер адамның Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылының тұрғыны екендігі анықталды. Дінтану орындары сараптамасының қорытындысы бойынша бұл аудио жазбаларға Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынғаны анықталды. Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының шешімімен аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 453 бабының 2-ші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 20 АЕК мөлшерінде, яғни 55 560 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды. Көлік полициясы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықтың қоздыруға немесе соған үгіттеуге, экстремизм немесе терроризмді насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәліметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салынатынын ескертеді.

Қ.Ералиев,

Ганюшкин стансасы Желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521