Референдум басталып, Ақкөл ауылдық округінде ресми түрде ашылған соң, нөмірі 181 және 182 сайлау учаскесінде ауыл халқы белсенділік танытты. Қазірдің өзінде нөмірі 181 референдум учаскесіне 1936 жылы туған тыл еңбеккері Халам Кенжеғалиева аяқтай келіп, дауыс берді. "Референдумнан жақсылық күтеміз, үмітіміз зор. Конституциялық түзетулердің жалпы негізгі идеясы – мемлекеттік құрылыс нысанын өзгерту ғой. Болашаққа сенімім зор, өмір сүру деңгейі тек жақсара түседі деп ойлаймын",-дейді ардагер.
Бұл референдум учаскесінде 300-ден астам ақкөлдік дауыс беріп үлгерді. Ал, нөмірі 182 референдум учаскесіне ең жас дауыс беруші Құрманғазы аграрлық колледжінің студенті, ауыл тұрғыны Динара Сырымбетқызы алғаш рет саяси науқанға қатысып, таңдауын жасады.
Мұнда 4 сағат ішінде 200 тұрғын дауыс берді. Айта кетейік, 5454 халқы бар Ақкөл ауылдық округінде 181 бойынша 1412, ал 182-де - 1466 тұрғынның дауыс беруге құқығы бар.