Ақкөл атауы қайдан шыққан?

(0 Votes)

Ақкөл ауылдық округін өңірдегі басқа округтерден ерекшелейтін бірден-бір қасиеті ылғи көлдердің қоршауында тұратындығынан.

Округтің шығыс оңтүстігінен батыс бағыты – Д.Нұрпейісова бекетіне дейінгі аралықта тарихи атау иеленген бірнеше айнадай жарқыраған көлдері бар. Олар: «Рамазан көлі», «Қара көл», «Ақкөл», «Қаһан көлі», «Қоян көлі», «Жайын көл», «Қамыс көл», «Сары көл», «Тортай көлі», «Табан көл», «Егінді көл», «Дәуіт көл», «Ату көл», «Тары көл», «Әрусия көлі», «Бура көл», «Сазды көл», «Сыған көлі», «Ауыз көлі», «Байнияз көлі», «Дәржігіт көлі».

Осы көлдердің ежелгі тарихынан қысқаша мәліметтерді округ әкімі Бисембай Рамазанов ұсынды.

"Ақкөл"

Округтің атауын иеленген үлкен көл. Жағасында ешқандай өсімдіктер өспейді. Ылғи ақ сортаққа айналып кебірсіп жатады. Үп еткен желмен ақ жал толқындары көтеріліп, ылғи да ақ көбік шапшытып ақ жалданып көрінеді. Алыстан қарағанда алдыңда ақ дүниеге оранған бөлек бір әлем, кеңістік жатқандай. Сонысына қарап ата-баба осы Ақкөл атауын лайықтаған.

«Қаһан көлі» немесе «Қаһан төбе»

Ақкөл ауылының батыс беткейінде 3 шақырымдай жерде орналасқан. Көнекөздер «Қаған» деп аталуы да мүмкін дейді. Сонау ұлы қуғын-сүргін замандарда етегін қалмақ ауылдары жайлапты. Шығыстан батысқа созылған биік төбелі жер. Төбе-қыраттар жусан, бүргем, мортық, т.б. қыр шөбінен көрпе жамылғандай. Көлді айнала арса-арса жыңғылдар күзетте тұрған жауынгердей қоршап жатыр. Көлдің солтүстік жағынан адырлар мен беткейлер арасынан жыра салып сыздықтап су ағады. Ақсақалдар тарихына қатысты мынадай әңгіменің шетін шығарады: Қазақтар мен қалмақтар арасындағы кезекті бір қақтығыста қазақтың Қаһарман атты қолбасшысы сығыр көздерді тас-талқан етіп жеңіп, елден асыра қуып тастап, сулы-нулы, жанға сая осы көлдің жағасына келіп бірнеше күн дамылдап, жеңістерін тойлапты-мыс. Сол батыр Қаһарманның құрметіне «Қахан төбе» немесе «Қаһан көлі» деп қысқаша аталып кеткен дейді. Төбе бойлай үлкен мұсылмандар қауымы орналасқан. Соған қарап жергілікті тұрғындар «Ақ Мәйіт» деген қосымша атауымен де атайды.

Таңатар Дәрелұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521