Жаңаталап ауылдық округінде орналасқан нөмірі 180 референдум учаскесінде үш сағаттың ішінде 500-ге жуық тұрғын дауыс берді.
Өзгерістерден оң нәтиже күтушілердің қарасы көп, тіпті кезек күтіп тұр. Солардың арасында "алтын тойын" тойлаған Ақбалаевтар отбасы да бар. Бүгін Ақбалаевтар отбасы "Алтын тойын" тойлауда. Отау құрғанына - 50 жыл. Бұл тойы референдуммен тұспа-тұс келгені - тарихи күннің қорытындысы жақсылық әкеледі деген сенімде. Отағасы Марат ата мен отанасы Майра әжей тарихтағы бірінші оқиғадан қапы қалмақ емес.
- Осы күнге дейін президент, әкім сайлауларына белсенді қатыстық. Бүгін де Отанының азаматы ретінде жұбайым екеуміз келген жайымыз бар. Келер ұрпағымыз ештеңеден қысылмай өмір сүруі үшін таңдауымызды жасадық,-дейді Марат Ақбалаев.
Мұндай өзгеріс демократияның анық көрінісі деп, жиылған қауымға батасын берді.