Ақан Сері көшесі самаладай жарқырады

(0 Votes)

Тәуелсіздік алғалы оның жемістерін көріп жатырмыз.

Біз тұратын Жапырық ауылы бұрын шағын елді мекен еді. Қазір қанатын жайған қырандай жылдан-жылға үлкейіп барады. Көлік етсе бұрқыраған шаңы көкке көтеріліп, аузы-мұрныңды бітеп, қолқаңды қауып, тамағыңды бітейтін  көшелеріне асфальт тартылды. Құстай ұшып келе жатқан көліктер  жаяу жүргіншілерге қауіпсіз болуы үшін жол  кедергісі орнатылды. Көптен бері шешілмей жүрген мәселе көше жарығы еді. «Сабақты ине сәтімен», дегендей енді оның да сәті түсті.

Мұны біз жиналыс сайын көтеріп, округке тұрғындар атынан хат та жолдағанбыз. Округ әкімі Абдуррахман Рахметұлының ұйымдастыруымен  мердігер «Жайық Сити» ЖШС  біз тұратын Ақан Сері көшесіне жарық тартып берді. Нәтижесінде тас қараңғы болып, мүлгіп тұратын көшелеріміз кеш болса ұйқысынан оянып,  көзін ашады, айналаға жарық шашады. Түнгі көшелердің жарқырап тұрғаны қандай керемет көрініс десеңізші. Қарасаң көз толады. Әсіресе көліктерге, біз сияқты зейнеткерлер мен балаларға бұл үлкен қуаныш. Қазақстан халқына жағдай жасап отырған Елбасымызға, Президентімізге, облыс, аудан басшыларына, осындай істің басы-қасында жүрген азаматтарымызға ризашылығымыз шексіз. Біз тәуелсіз болсақ осылай дами беретініміз, игілігін көретінімізге көзіміз жетіп, жарқын болашаққа жылы жүзбен қарап жүрміз. Сүйікті Отанымыз өркендей берсін!

Ғалымжан Мұқашев,

Ақан Сері көшесінің тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521