Құрметті тыл және еңбек ардагерлері!
Сіздерді және барша аудан тұрғындарын Жеңістің 75 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сұм соғыстың жеңіспен аяқталғанына осыншама жылдар өтсе де, бүгінгі ұрпақ оның мән-маңызын жете түсінеді. Аға буынның өткен ерлік жолдарын ұмытпай, санада жаңғыртып, еске алу, мадақтау – біздің азаматтық парызымыз. «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды».
Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын! Қашан да шуақты күннің астында Тәуелсіз еліміздің көк байрағын желбіретіп, биік армандарымызға жете берейік демекпін!
Аудан әкімі Қ.Нұртаев