Аға буын әріптеске тағзым

(0 Votes)

Адамгершілігің, қайрымды әрекетің әр ісіңнен көрінеді деген сөз бар қазақта.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты мейірбан жүректі жандар көмек қолдарын ұсынып, қиындықтан бірге шығудың жолын жасап жатқанын көзіміз көріп жүр. Қазіргі қасиетті ораза айында ондай қайырымдылық қадамның еселене түскені жағымды жайт. Аудандық ішкі істер органдарының бір топ ардагерлері бастама көтеріп, ортадан қаражат жиып қайырымдылық шарасын өткізді.

img_1610

Өткен аптада күнделікті қажетті азық-түлік пакетін дайындаған олар бұл күнде арада жоқ аға буын әріптестері Салауат Есенғалиев, Әндір Қалиев, Жеңіс Нұрмұханов, Жанұзақ Орахов, Серік Әбдіров, Әзидолла Қуановтың үйлерінде болып, қайырымдылық көмегін көрсетті. Араларындағы үлкені, Назым Дәрібайқызы шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған марқұмдардың жесірлерімен әңгімелесіп, жағдай сұрасып, сау-сәламат ғұмыр тіледі. Өз кезегінде олар бір кездері жұмыстас болған ағаларын ұмытпай, рухына тағзым етіп, артындағыларға қарайласып жатқандарына ризашылығын білдірді.

i

Аудандық ішкі істер органдарының ардагерлер ұйымының төрағасы Есенкелді Мерханов қайырымдылық шара одан әрі жалғасып, Құрманғазы ауылдық округі апппараты берген тізім бойынша аз қамтылған отбасыларға табысталғанын жеткізді. Гүлдана Қуанова, Баян Тайырова, Самал Төлеуова, Тілекші Сағизова, Талғат Айдуллаев, Ағайша Самарғалиева, Сәуле Утекова, Саясат Сахметовтердің жанұяларына көмек көрсетілді.

img_1604

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521